Евразия24ЖаңалықтарПентагон қуаты жоғары GBU-57 бункерге қарсы авиабомбалар қорын толықтырмақ

Пентагон қуаты жоғары GBU-57 бункерге қарсы авиабомбалар қорын толықтырмақ

|

|

Вашингтон. 14 ақпан. ИНТЕРФАКС — Пентагон өткен жылдың маусым айында Иранның жерасты ядролық нысандарына жасалған соққылар кезінде қолданылған GBU-57 үлгісіндегі жоғары қуатты басқарылатын авиабомбалардың қорын толықтыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Air and Space Forces Magazine басылымы хабарлады.

Басылымның мәліметінше, АҚШ үкіметінің сайтында ашық жарияланған, ішінара редакцияланған құжаттарға сәйкес, АҚШ Әскери-әуе күштері аталған бомбалардың қорын толықтыру мақсатында Boeing компаниясымен құны 100 млн доллардан асатын келісімшартты аяқтау кезеңінде. GBU-57 бомбалары ядролық емес оқ-дәрілер арасындағы қуаты жағынан ең ірілерінің бірі саналады.

Салмағы 13,6 тонна болатын GBU-57 (Massive Ordnance Penetrator — MOP) жер астына шамамен 61 метр тереңдікке ене алады немесе 19 метрге дейінгі темірбетон қабатын тесіп өткеннен кейін ғана жарылыс жасайды. Оның жауынгерлік бөлігінде жалпы салмағы 2,4 тоннадан асатын екі жарылғыш заряд орналасқан. Қазіргі уақытта бұл авиабомбаның штаттық тасымалдаушысы ретінде тек B-2A Spirit стратегиялық бомбалаушы ұшағы қарастырылған.

АҚШ Әскери-әуе күштерінің мәлімдеуінше, бұл сатып алу «Midnight Hammer» («Түнгі балға») атты операция барысында жұмсалған GBU-57 бомбаларының қорын қалпына келтіру үшін аса қажет. 2015 жылғы деректер бойынша, АҚШ ӘӘК арсеналында мұндай небәрі 20 бомба болған, ал 2024 жылға қарай олардың санын болашақта үш есеге арттыру жоспарланған.

2025 жылғы 22 маусымда америкалық B-2 Spirit стратегиялық бомбалаушы ұшақтары Ирандағы нысандарға барлығы 14 осындай бомба тастаған. Жеті B-2A ұшағының әрқайсысы екі GBU-57 бомбасымен жарақтандырылған. Атап айтқанда, алты бомба Фордо қаласындағы уран байыту зауытына, тағы екеуі Натанздағы нысанға тасталған. «Midnight Hammer» операциясы бункерлерді жоюға арналған бұл бомбалардың алғаш рет нақты әскери жағдайда қолданылуы болды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Техникалық ақау жүргізушілерге «айыппұл салды»

Өткен аптада Алматы – Тараз және «Қорғас» бағытында жүрген жүргізушілерге қомақты сомадағы айыппұлдар жаппай келе бастаған.

Қазақстандықтардың басым бөлігі 23 тамызда дауыс бермек

«Қазақстандық қоғамдық даму институты жүргізген екінші телефон сауалнамасының нәтижесі бойынша азаматтардың 73,8%-ы 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысуға ниетті.

Қазақстан цифрлық даму деңгейі бойынша әлемдік үздіктер қатарында

БҰҰ-ның электрондық үкіметті дамыту индексі бойынша 2024 жылғы соңғы рейтингінде Қазақстан 0,9 көрсеткішпен жоғары деңгейге ие болып, 24-орынға тұрақтады. Еліміз бұл рейтингте көптеген дамыған мемлекеттерді, соның ішінде Швейцария, Түркия, Латвия, Франция, Хорватия, Қытай, Канада, Италия және Бельгияны басып озды.

Ауылға бөлінген қыруар қаржы халық көші-қонын тежей алмады

Үкімет сарапшылары Қазақстандағы халықтың қоныстану жүйесі түбегейлі өзгеріп жатқанын ашық айтып отыр. Жуырда Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Демографиялық үдерістерді талдау және болжау орталығының басшысы Аяулым Сағынбаева 2050 жылға қарай ел халқының шамамен 70%-ы қалаларда тұратынын мәлімдеді. Қазірдің өзінде урбандалу деңгейі 63%-ға жеткен. Бұл үдеріс кейінгі отыз жылда агроөнеркәсіп кешенін, ауыл инфрақұрылымын, медицина мен білім беру салаларын қолдауға бағытталған 15-тен астам мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылғанына қарамастан жалғасып келеді. Ауыл халқының саны тұрақты түрде азайып, ауылдық жерлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуеті де кеміп барады. Сонда бұл – урбандалудың заңды нәтижесі ме, әлде аумақтық жоспарлауда жіберілген жүйелі қателіктердің салдары ма?