Евразия24Таңдаулы жаңалықтарҚазақстанның сауда секторында делдалдар үстемдік етуде

Қазақстанның сауда секторында делдалдар үстемдік етуде

|

|

ҚР Сауда және интеграция министрлігі хабарлайды: «2025 жылдың қорытындысы бойынша сауда саласы ел экономикасының өсуіне 26% үлес қосты. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев ведомствоның алқа мәжілісінде 2025 жылды қорытындылап, 2026 жылға арналған басымдықтарды айқындады. Министрдің айтуынша, өткен жыл сала үшін сенімді өсу мен сауданың ел экономикасы құрылымындағы позициясын нығайту кезеңі болды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша сауданың нақты көлем индексі 108,9%-ды құрап, жалпы экономикалық өсімнің 26%-ын қамтамасыз етті. Ішкі тауар айналымы 14,6%-ға артып, бір жыл бұрынғы 69,7 трлн теңгенің орнына 80 трлн теңгеге жетті. Негізгі өсім көтерме сауда (көлемі 53,5 трлн теңге) мен бөлшек сауда (көрсеткіші 26,4 трлн теңге) сегменттері есебінен қалыптасты. «Соңғы үш жылда алғаш рет салаға салынған инвестициялар тұрақты өсім көрсетті», — деп атап өтті министр. Инвестиция көлемі бірден 42%-ға артып, 1 229 млрд теңгеге жетті. Бұл бизнестің сауда секторына деген сенімінің артқанын және жаңа өсу нүктелерінің қалыптасқанын айғақтайды. Жаһандық сын-қатерлерге қарамастан, сыртқы саудада да оң динамика байқалды. Сыртқы тауар айналымы 2024 жылғы 142,1 млрд доллармен салыстырғанда 1,3%-ға өсіп, 143,9 млрд долларды құрады. Шикізаттық емес экспорт 1,2%-ға ұлғайып, 41 млрд долларға жетті. Қызмет көрсету экспорты анағұрлым айқын өсім көрсетіп, бір жыл бұрынғы 11,8 млрд доллардан 3,7%-ға артып, 12,3 млрд доллар болды».

Еуразия24 пікірі:

Көрсетілген цифрлар әсерлі болғанымен, «сатып алу-сату» секторының мұндай өсімі импортқа тәуелділікті, өңдеу өнеркәсібінің әлсіздігін және ел ішіндегі қосылған құнның төмендігін айқын көрсететінін ұмытпаған жөн. Сауда артқан сайын тұтыну көлемі де өседі, оның ішінде бөлшек несиелендіру де өз үлесін қосуда. Бірақ бұл «Made in Qazaqstan» белгісімен шығатын қымбат тауарлардың ішкі өндірісіне айтарлықтай әсер етіп отырған жоқ. Ірі өнеркәсіп зауытын салғаннан көрі, сауда нүктесін немесе логистикалық компанияны ұйымдастыру әлдеқайда оңай. Сондықтан бизнес қауымдастық тәуекелі аз, тез пайда әкелетін делдалдыққа («алыпсатарлыққа») бүйрек бұрады. Сауданың 14,6%-ға артып, 80 трлн теңгеге жетуі қуатарлық жайт, алайда сыртқы тауар айналымы небәрі 1,3%-ға ғана өскеніне назар аударыңыз. Біз айтып жүрген экономикадағы құрылымдық теңгерімсіздік (перекос) осы емес пе? Сауда саласы ЖІӨ мен жалпы экономиканың өсуіне қомақты үлес қосатыны даусыз, бірақ ол, өкінішке қарай, сапалы әрі ұзақ мерзімді стратегиялық өсімнің қайнар көзі бола алмайды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан мен Бельгия көлік, энергетика және аса маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастықты кеңейтпек

Қазақстан мен Бельгия көлік және логистика, аса маңызды минералдар, жаңартылатын энергия көздері, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл туралы дүйсенбі күні Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дүйсенбі күні барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан мен Бельгия жан-жақты серіктестікті нығайтуға ниетті

Қазақстан мен Бельгия арасында ешқандай саяси келіспеушілік жоқ. Бұл екі елдің барлық саладағы ынтымақтастығын кеңейтуге берік негіз қалайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

Еуроодақ Ресейдің қорғаныс өнеркәсібімен байланысы бар 1,5 мыңнан астам компания мен жеке тұлғаға санкция салды

Еуропалық одақ Ресейдің қорғаныс-өнеркәсіп кешеніне қатысы бар деп есептейтін 826 ұйым мен 743 адамға санкция енгізді. Бұл туралы дүйсенбі күні ЕО-ның ресми журналында жарияланған шешімде айтылған.