Евразия24ЖаңалықтарӘлем көшбасшылары Қазақстан Президентін Рамазан айының басталуымен құттықтауда

Әлем көшбасшылары Қазақстан Президентін Рамазан айының басталуымен құттықтауда

|

|

Астана. 21 ақпан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН — Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына қасиетті Рамазан айының басталуына орай шет мемлекеттер басшылары мен халықаралық ұйымдар жетекшілерінен құттықтау жеделхаттары келіп түсуде. Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысын Рамазан айының басталуымен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, БАӘ Премьер-министрі, Дубай әмірлігінің билеушісі Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, БАӘ Вице-президенті, Президент әкімшілігінің басшысы Мансур бен Заид Әл Нахаян, Марокко Королі Мұхаммед VI, Иран Президенті Масуд Пезешкиан, Египет Президенті Абдель Фаттах ас-Сиси, Кувейт Әмірі Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабах, Палестина Президенті Махмуд Аббас және басқа да тұлғалар құттықтағаны атап өтілді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Ормуз бен Баб-эль-Мандеб: ғасырларға созылған тартыс

Байқаушылар Конгреске өткен аралық сайлаудан кейін АҚШ Иран мен Йемендегі хуситтерге қарсы әскери қимылдарын қайта бастайды деп болжайды. Пентагон мен Израильдің Қорғаныс армиясы бәрін келісіп қойған, енді Ақ үйдің саяси шешімін күтіп отыр. Ормуз бен Баб-эль-Мандеб бұғаздарын АҚШ бақылауына алу үшін Дональд Трамп қандай да бір тың тәсіл ұсына ала ма? Екіталай. Әлем үшін айрықша маңызды осы екі теңіз жолы соңғы бірнеше ғасырда не көрмеді дейсіз.

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.