Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан ИКАО органдары құрамын ұлғайтуға қатысты түзетулерді ратификациялады

Қазақстан ИКАО органдары құрамын ұлғайтуға қатысты түзетулерді ратификациялады

|

|

Астана. 7 сәуір. Интерфакс-Қазақстан– Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 50 а) және 56-баптарына өзгерістер енгізуге қатысты хаттамаларды ратификациялау туралы» заңға қол қойды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Бұған дейін хабарланғандай, аталған хаттамалар 2016 жылғы 6 қазанда Монреаль қаласында қол қойылған. Өзгерістер Халықаралық азаматтық авиация ұйымы кеңесінің құрамын және Аэронавигациялық комиссия мүшелерінің санын арттыруды көздейді.

Атап айтқанда, түзетулер ИКАО кеңесінің құрамын 36 мүшеден 40 мүшеге дейін ұлғайтуды қарастырады. Бұл ұйымға мүше мемлекеттердің неғұрлым әділ, теңгерімді және географиялық тұрғыдан кеңінен өкілдік етуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Сонымен қатар Аэронавигациялық комиссия мүшелерінің саны 19-дан 21-ге дейін көбейтіледі. Бұл комиссия ИКАО кеңесіне қабылдау және бекіту үшін стандарттар мен ұсынылатын тәжірибені (SARPs), сондай-ақ аэронавигациялық қызмет көрсету қағидаларын (PANS) қарастырып, ұсынымдар береді.

Ратификация Қазақстанның халықаралық авиациялық міндеттемелерге бейілділігін растауға, ИКАО басқару органдарына тең құқықпен қатысуына, Орталық Азия елдерінің мүдделерін ілгерілетуге және ұйымдағы жауапты әрі белсенді қатысушы ретіндегі имиджін нығайтуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта бұл түзетулерді 114 мемлекет ратификациялаған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Трамп Вашингтонда салтанатты арканы ұшқышсыз ұшу аппараттары мен снайперлерді орналастыру үшін пайдалануды жоспарлап отыр

Вашингтонда салынуы жоспарланып отырған салтанатты аркада әскери мақсаттағы жабдықтар орнатылады, деп мәлімдеді жексенбі күні АҚШ Президенті Дональд Трамп.

Чилидің экс-президенті Бачелет БҰҰ бас хатшысы қызметі үшін күрестен бас тартады

Чилидің бұрынғы президенті Мишель Бачелет БҰҰ бас хатшысы қызметі үшін күресті тоқтататынын мәлімдеді.

Трамп ЖИ бойынша арнайы құрылымдар құру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді

АҚШ Президенті Дональд Трамп бұл саланың одан әрі дамуына қатысты мәселелерді шешуге қатысу үшін «жасанды интеллект күштерін» — арнайы құрылым құратынын мәлімдеді.

КХДР шығыс бағытта тағы бір зымыран ұшырды

Оңтүстік Корея әскери қолбасшылығының деректеріне сілтеме жасай отырып «Ренхап» агенттігінің хабарлауынша, жексенбі күні КХДР армиясы Жапон теңізі бағытында тағы бір зымыран ұшырды.