Евразия24ЖаңалықтарМәжіліс еңбек заңнамасын жетілдіру туралы заңды қабылдады

Мәжіліс еңбек заңнамасын жетілдіру туралы заңды қабылдады

|

|

Астана, 8 сәуір. «Интерфакс-Қазақстан» – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі сәрсенбі күні өткен пленарлық отырыста екінші оқылымда «Еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қабылдады.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Арман Қалыков түзетулер еңбек қатынастары саласындағы заңнаманы жетілдіру мақсатында бір топ депутаттың бастамасымен әзірленгенін хабарлаған.

Заңда қызметкерлердің заңды мүдделерін сақтау мақсатында еңбек саласында ар-намыс пен қадір-қасиетті қорғау нормаларын бекіту ұсынылады. Сонымен қатар, соңғы жұмыс күнін анықтау тәртібі нақтыланады, әсіресе ол уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңімен немесе әлеуметтік демалыспен сәйкес келген жағдайларда.

Құжатта ауысым алдындағы медициналық тексеруден өтуге жұмсалған уақытты төлеу қарастырылған. Оның мөлшері ұжымдық шартпен немесе жұмыс берушінің актісімен белгіленеді.

Сондай-ақ жұмыс берушінің еңбек жағдайлары өзгергені туралы қызметкерді жазбаша түрде хабардар ету міндеті енгізіледі. Түзетулер қызметкердің бастамасымен еңбек шартын бұзу тәртібін де реттейді. Оның ішінде материалдық жауапты тұлғалар үшін еңбек қатынастарының тоқтатылатын күні мен жұмыс берушінің мүлкін тапсыру-қабылдау рәсімінің аяқталу шарттары айқындалады.

Заңға сәйкес, жұмыс беруші өндірістік процесте пайдаланылатын барлық негізгі құралдарды – ғимараттар, жабдықтар, көлік құралдары және басқа да еңбек құралдарын қолданыстағы қауіпсіздік талаптарына сәйкестендіруге міндетті.

Құжат қарау үшін Сенатқа жолданды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Трамп Вашингтонда салтанатты арканы ұшқышсыз ұшу аппараттары мен снайперлерді орналастыру үшін пайдалануды жоспарлап отыр

Вашингтонда салынуы жоспарланып отырған салтанатты аркада әскери мақсаттағы жабдықтар орнатылады, деп мәлімдеді жексенбі күні АҚШ Президенті Дональд Трамп.

Чилидің экс-президенті Бачелет БҰҰ бас хатшысы қызметі үшін күрестен бас тартады

Чилидің бұрынғы президенті Мишель Бачелет БҰҰ бас хатшысы қызметі үшін күресті тоқтататынын мәлімдеді.

Трамп ЖИ бойынша арнайы құрылымдар құру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді

АҚШ Президенті Дональд Трамп бұл саланың одан әрі дамуына қатысты мәселелерді шешуге қатысу үшін «жасанды интеллект күштерін» — арнайы құрылым құратынын мәлімдеді.

КХДР шығыс бағытта тағы бір зымыран ұшырды

Оңтүстік Корея әскери қолбасшылығының деректеріне сілтеме жасай отырып «Ренхап» агенттігінің хабарлауынша, жексенбі күні КХДР армиясы Жапон теңізі бағытында тағы бір зымыран ұшырды.