Евразия24ЖаңалықтарАҚШ қор индекстері сәрсенбі күні күрт өсті, Dow Jones бір жылдағы ең...

АҚШ қор индекстері сәрсенбі күні күрт өсті, Dow Jones бір жылдағы ең жоғары өсімді көрсетті

|

|

Мәскеу. 9 сәуір. ИНТЕРФАКС – АҚШ-тың қор нарығындағы негізгі индекстері сәрсенбі күні айтарлықтай өсті. Бұған АҚШ пен Иран арасындағы екі апталық атысты тоқтату туралы жаңалық әсер етті. Осы аяда Dow Jones Industrial Average индексінің өсімі өткен жылдың сәуірінен бергі ең жоғары деңгейге жетті.

АҚШ президенті Дональд Трамп Иран Ормуз бұғазын толық әрі дереу ашқан жағдайда, екі аптаға соққыларды тоқтататынын мәлімдеді. Оның айтуынша, Иран да шабуылдарды тоқтатады. Бұған дейін Трамп белгіленген мерзімде бұғаз ашылмаса, “өркениеттің жойылуы” мүмкін екенін ескерткен болатын. Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі бұл бітімге келісім бергенін елдің сыртқы істер министрі Аббас Аракчи растады.

Осы жағдай аясында мұнай бағасы күрт төмендеді: Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың маусымдық фьючерстері 13%-ға арзандады, ал WTI мұнайының мамырлық келісімшарттары 16%-дан астам төмендеп, 2020 жылдың сәуірінен бергі ең ірі құлдырауды көрсетті.

Мұнай компанияларының акциялары да арзандады: Exxon Mobil – 4,7%-ға, Chevron – 4,3%-ға, Occidental Petroleum – 5%-ға төмендеді.

Ал керісінше, көлік және туризм секторындағы компаниялардың акциялары айтарлықтай өсті. American Airlines акциялары 5,6%-ға, United Airlines – 7,9%-ға, Delta Air Lines – 3,8%-ға қымбаттады.

Delta Air 2026 жылдың бірінші тоқсанында табысын 9,4%-ға арттырып, қаңтар-наурыз кезеңі үшін рекордтық көрсеткішке жетті. Бұл әуе тасымалына сұраныстың жоғары болуымен байланысты. Дегенмен, отын шығындарының 14%-ға өсуіне байланысты компания таза пайда орнына шығын тіркеді.

Круиздік компаниялар да өсім көрсетті: Carnival акциялары 11,2%-ға, Norwegian Cruise Line – 7,6%-ға қымбаттады.

Levi Strauss компаниясының нарықтық құны 10,7%-ға өсті. Компания 2026 қаржы жылының бірінші тоқсанында таза пайдасын 30%-ға арттырып, жылдық болжамын жақсартты.

Dow Jones құрамындағы ең көп өскен компаниялар қатарында Sherwin-Williams (+6,9%), Caterpillar (+6,5%) және Home Depot (+5,5%) болды.

АҚШ Федералдық резерв жүйесінің наурыз айындағы отырысының хаттамасы орталық банк басшыларының ақша-несие саясаты бойынша түрлі сценарийлерді талқылағанын көрсетті. Олардың қатарында пайыздық мөлшерлемені көтеру мүмкіндігі де қарастырылған.

Құжатта айтылғандай, қатысушылардың басым бөлігі Таяу Шығыстағы қақтығыстың ұзаққа созылуы АҚШ еңбек нарығына кері әсер етуі мүмкін деп алаңдайды. Мұндай жағдайда ФРЖ мөлшерлемені қосымша төмендетуі мүмкін.

Сонымен қатар, мұнай бағасының ұзақ уақыт жоғары деңгейде сақталуы инфляцияның күткеннен де ұзаққа созылуына әкелуі мүмкін екені атап өтілген. Бұл өз кезегінде мөлшерлемені көтеруді талап етуі ықтимал.

Сауда қорытындысы бойынша: Dow Jones Industrial Average 2,85%-ға өсіп, 47 909,92 пунктке жетті. S&P 500 индексі 2,51%-ға өсіп, 6 782,81 пункт болды. Nasdaq Composite 2,8%-ға көтеріліп, 22 635 пунктті құрады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Ормуз бен Баб-эль-Мандеб: ғасырларға созылған тартыс

Байқаушылар Конгреске өткен аралық сайлаудан кейін АҚШ Иран мен Йемендегі хуситтерге қарсы әскери қимылдарын қайта бастайды деп болжайды. Пентагон мен Израильдің Қорғаныс армиясы бәрін келісіп қойған, енді Ақ үйдің саяси шешімін күтіп отыр. Ормуз бен Баб-эль-Мандеб бұғаздарын АҚШ бақылауына алу үшін Дональд Трамп қандай да бір тың тәсіл ұсына ала ма? Екіталай. Әлем үшін айрықша маңызды осы екі теңіз жолы соңғы бірнеше ғасырда не көрмеді дейсіз.

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.