Евразия24Таңдаулы жаңалықтарҚазақстанның экспорттық әлеуеті қай салада жоғары?

Қазақстанның экспорттық әлеуеті қай салада жоғары?

|

|

Kazinform хабарлауынша, Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені соңғы үш жылда тұрақты оң динамика көрсетіп отыр. Бұл туралы RES-2026 саммитінің тақырыптық сессиясында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков мәлімдеді. Ол елімізде ішкі нарықты қамтамасыз ететін берік база қалыптасқанын атап өтті. «Ең маңызды сәт – Қазақстан өзін-өзі азық-түлікпен қамту деңгейінен асып түсті. Соңғы 5 жылда АӨК өнімдерінің экспорты екі есе артып, 7 млрд АҚШ долларына жетті. Астық пен ұн экспорты 15,3 млн тоннаны құрады. 2025 жылы Орталық Азия елдерімен тауар айналымы 30%-ға өсіп, 3,5 млрд долларға жетті. Әсіресе, қайта өңделген өнім экспортының 38%-ға артып, 3,6 млрд долларды құрағаны біз үшін өте маңызды. Бұл Қазақстанның көрші елдерді негізгі өнімдермен қамтамасыз ете отырып, аймақтың тұрақты азық-түлік «қаңқасын» біртіндеп қалыптастырып жатқанын білдіреді», — деп қорытындылады Ербол Тасжүреков.

Еуразия24 пікірі:

Ауыл шаруашылығы министрлігінің пайымдауынша, өзін-өзі азық-түлікпен қамту деңгейінен асу және сонымен бірге жүретін импортқа тәуелділік — ешқандай оғаштығы жоқ қалыпты жағдай сияқты көрінеді. Әрине, еліміз астық пен ұн сияқты ауыл шаруашылығы шикізатының экспорты бойынша позициясын нығайтқанымен, терең өңделген өнімдерге, тауашалы тауарлар мен мал шаруашылығы өнімдерінің бір бөлігіне әлі де тәуелді. Яғни, өз өндірісіміздің жартылай фабрикаттарының тапшылығымен қатар, ел экономикасы қосылған құннан да қағылып отыр. Бұл үшін Ауыл шаруашылығы министрлігін қанша сынға алсақ та болады, бірақ біз алдымен шикізат өндірісін арттырып, содан кейін ғана күрделі дайын өнімге көшкен жалғыз ел емеспіз. Дегенмен, бұл жерде мақтанатын негіз бар ма? Сыртқа шығарылған 15,3 млн тонна астық пен ұн үшін мақтану — ел ішінде қосылған құн жоғарылауын тудыра алмағанымызды мойындаумен тең. Соның салдарынан қазақстандықтар шетелдік өндірушілерге арзан шикізат беріп, содан кейін олардан дайын өнімді қымбатқа сатып алу арқылы оларды субсидиялауды жалғастыруда. Мұның бәрі Қазақстанның ауыл шаруашылығы есептердегі «табыстылық» көрсеткіштерін арттыру үшін табиғи ресурстар мен әлемдік шикізат бағасының қолайлы конъюнктурасын ғана пайдаланып отырғанын көрсетеді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.