Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Президенті ирандық ядролық мәселені шешуге ізгі ниет білдіріп, атсалысуға дайын екенін...

Қазақстан Президенті ирандық ядролық мәселені шешуге ізгі ниет білдіріп, атсалысуға дайын екенін мәлімдеді

|

|

Астана. 11 мамыр. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Тиісті халықаралық уағдаластықтарға қол жеткізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы ирандық ядролық мәселені реттеуге көмектесуге дайын. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Мәліметке сәйкес, дүйсенбі күні Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға келген Бразилия Сыртқы істер министрі Мауро Виейрамен кездесті. Кездесу барысында Президент халықаралық қауіпсіздік, ядролық қарусыздану және таратпау мәселелері бойынша екі елдің күш-жігерін үйлестіру маңызды екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы тиісті халықаралық келісімдерге қол жеткізіліп, бұл мәселе практикалық деңгейге өткен жағдайда, Қазақстанның ирандық ядролық түйткілді шешуге ізгі ниет негізінде ықпал етуге дайын екенін білдірді», — делінген баспасөз хабарламасында.

Келіссөздер кезінде Қазақстанның ядролық қаруды таратпау саласында халықаралық деңгейде жоғары сенімге ие екені, сондай-ақ сезімтал ядролық материалдармен қауіпсіз жұмыс істеу үшін қажетті инфрақұрылымы, сараптамалық әлеуеті мен ғылыми-техникалық базасы бар екені айтылды. Айта кетерлігі, республика аумағында әлемдегі жалғыз МАГАТЭ-нің Төмен байытылған уран банкі орналасқан.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

NIS 2025 жылға дивиденд төлемейді

Сербияның NIS энергетикалық компаниясының («Газпром нефть» тобына кіреді) акционерлері жылдық жалпы жиналыста өткен жылдардағы бөлінбеген пайданы 2025 жылғы шығынды жабуға бағыттау туралы шешімді мақұлдады. Соған байланысты компания 2025 жылдың қорытындысы бойынша дивиденд төлемейді.

Қазақстан мен Грузия стратегиялық әріптестік туралы бірлескен мәлімдеме қабылдады

Қазақстан Грузияны стратегиялық маңызы бар дәстүрлі серіктес ретінде қарастырады. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның премьер-министрі Ираклий Кобахидземен өткен келіссөздер барысында мәлімдеді.

Грузия премьер-министрі Қазақстанның І дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның премьер-министрі Ираклий Кобахидзені І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан мен Грузия стратегиялық әріптестік орнатты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Грузияның премьер-министрі Ираклий Кобахидзе Қазақстан Республикасы мен Грузия арасында стратегиялық әріптестік орнату туралы бірлескен мәлімдеме қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.