Евразия24ЖаңалықтарМадьяр Тоқаевқа жолдаған жеделхатында Мажарстанның Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін растады

Мадьяр Тоқаевқа жолдаған жеделхатында Мажарстанның Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін растады

|

|

Астана. 11 мамыр. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Мажарстан Премьер-министрі лауазымына кіріскен Петер Мадьяр Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауына алғыс білдіріп, жауап хат жолдады. Бұл туралы дүйсенбі күні Қазақстан басшысының баспасөз қызметі хабарлады. Петер Мадьяр өз хатында TISZA («Тиса») партиясының сайлаудағы жеңісімен құттықтағаны үшін ризашылығын жеткізген.

«Премьер-министр Қазақстанды Мажарстанның Орталық Азиядағы негізгі серіктесі деп атап, түрлі салалардағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға дайын екенін растады», — делінген баспасөз қызметінің мәліметінде.

Мадьяр жетекшілік ететін «Тиса» партиясы 12 сәуірде өткен парламенттік сайлауда жеңіске жетті. Ол Мажарстан үкіметін 16 жыл бойы басқарған Виктор Орбанның («Фидес» партиясы) орнына келді. Өткен сенбіде жаңа Премьер-министрдің ұлықтау рәсімі (инаугурациясы) өтті.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропа қор индекстері әркелкі өзгерді, Германияның DAX индексі рекорд жаңартты

Жұма күні Еуропаның қор индекстерінің басым бөлігі төмендеп жатыр, ал Германия индексі өсіп, сауда барысында тарихи ең жоғары деңгейге жетті.

Туроператорлар туристердің Солтүстік Кореяға қызығушылығы артып келе жатқанын хабарлады

Соңғы бір жылда Солтүстік Кореяға турларға сұраныс 10-15%-ға артты. Сонымен қатар ел ішіндегі туристік бағыттардың ауқымы да кеңейіп келеді, деп хабарлады жұма күні Ресей туризм индустриясы одағы (РТИО).

АҚШ доллары еуроға, фунтқа және иенаға қатысты біршама арзандады

Жұма күнгі саудада АҚШ доллары әлемнің басқа негізгі валюталарына қатысты біршама төмендеп жатыр.

Қытай СІМ Путиннің Итуруп аралына сапарына байланысты Жапонияның наразылығына жауап берді

Қытай билігі Ресей президенті Владимир Путиннің Итуруп аралына сапарына байланысты Жапонияның Мәскеуге наразылық білдіруіне орай Токионы қалыптасқан халықаралық тәртіпті сақтауға шақырды, деп хабарлады ҚХР Сыртқы істер министрлігі.