Евразия24ЖаңалықтарБҰҰ-ның Халық қоныстануы саласындағы қорының басшысы Алматыда Орталық Азияға арналған ЮНФПА хабы...

БҰҰ-ның Халық қоныстануы саласындағы қорының басшысы Алматыда Орталық Азияға арналған ЮНФПА хабы ашылатынын мәлімдеді

|

|

Астана. 13 мамыр. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Алматыда БҰҰ-ның Халық қоныстануы саласындағы қорының (ЮНФПА) Орталық Азия хабы ашылады. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, ЮНФПА-ның атқарушы директоры Диене Кейта Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің басшысы Ермек Көшербаевпен кездесу барысында мәлімдеді.

Қазақстан СІМ хабарлауынша, кездесу барысында БҰҰ өкілі Алматы қаласында демографиялық тұрақтылық мәселелері бойынша ЮНФПА-ның Орталық Азия хабын ашу туралы шешім қабылданғанын жариялаған. Аталған орталық өңірдегі демографиялық даму мәселелерін жинақтау, талдау және зерттеу бойынша негізгі алаңға айналады.

Астанада өткен кездесуде тараптар Қазақстан үкіметі мен ЮНФПА арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, нәресте мен ана өлімін төмендету, жастар денсаулығы орталықтарын дамыту, сондай-ақ демография және халық мәселелері бойынша кешенді зерттеулер жүргізу бағыттары қаралды.

Диене Кейта БҰҰ Қазақстанның гендерлік теңдікті ілгерілету, әйелдердің құқықтарын қорғау және мүмкіндіктерін кеңейту бағытындағы жүйелі реформаларын жоғары бағалайтынын атап өтті. Сонымен қатар ол Қазақстан денсаулық сақтау, жастар және отбасы саясатын дамыту, ана мен бала өлімін азайту мәселесінде елеулі нәтижелерге қол жеткізгенін айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға келісті.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

АҚШ доллары әлемнің негізгі валюталарына қатысты арзандады

Жұма күнгі саудада АҚШ доллары еуроға, фунт стерлингке және иенаға қатысты төмендеді.

Үндістан маусымда мұнай импортын 13%-ға қысқартты, жеткізілімнің жартысына жуығы Ресейге тиесілі

2026 жылғы маусымда Үндістан 18,2 млн тонна мұнай импорттады. Бұл өткен жылдың сәйкес айындағы көрсеткіштен (20,96 млн тонна) 13,1%-ға аз. Ал ақшалай есептегенде импорт көлемі 40%-ға өсіп, 14,77 млрд долларға жетті. Бұл туралы Үндістан Сауда министрлігінің статистикалық деректерінде көрсетілген.

Мәскеу уақытымен 8:15-те жапондық Nikkei 225 индексі 0,4%-ға өсті.

Жапония мен Оңтүстік Корея нарықтарына технологиялық компаниялар акцияларының қымбаттауы қолдау көрсетуде.

Түркияға америкалық F-35 жойғыш ұшақтарын сату жөніндегі келіссөздер тығырыққа тірелді

Түркияға америкалық F-35 жойғыш ұшақтарын сату жөніндегі келіссөздер тығырыққа тірелді