Евразия24ЖаңалықтарАҚШ қаржы министрі Қытай Ормуз бұғазын ашуға ықпал етеді деп мәлімдеді

АҚШ қаржы министрі Қытай Ормуз бұғазын ашуға ықпал етеді деп мәлімдеді

|

|

Лондон. 14 мамыр. ИНТЕРФАКС — АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент Ормуз бұғазы арқылы еркін кеме қатынасын қалпына келтіру Бейжіңнің мүддесіне сай екенін және Қытай бұл су жолындағы блокаданы жою үшін бар күшін салады деп есептейтінін айтты.

Батыс басылымдарының мәліметінше, Бессент: «Меніңше, Қытай қолдан келгеннің бәрін жасайды. Бұғазды қайта ашу Қытайдың өзіне тиімді. Сондықтан Бейжің Иран басшылығына ықпал ете алатын тараптармен жабық форматта жұмыс істейді деп ойлаймын», — деген.

Бұған дейін Bloomberg агенттігі америкалық шенеунікке сілтеме жасап, АҚШ президенті Дональд Трамп пен Қытай төрағасы Си Цзиньпин келіссөз барысында Ормуз бұғазы арқылы еркін өтуді қамтамасыз ету қажеттігін атап өткенін хабарлаған еді. Кейінірек Fars агенттігі дереккөзге сүйеніп, Иран билігі кейбір қытайлық кемелер үшін Ормуз бұғазы арқылы өту рәсімін жеңілдеткенін жазды.

Сонымен қатар Бессент CNBC телеарнасына берген сұхбатында Трамп алдағы күндері Бейжіңде талқыланған Тайвань мәселесіне қатысты қосымша мәлімет беретінін айтты. Министрдің сөзінше, Трамп бұл тақырыптың «аса сезімтал» екенін жақсы түсінеді.

Бессент сондай-ақ Вашингтон мен Бейжің «инвестициялық кеңес» құру мәселесін талқылап жатқанын жеткізді. Бұл тетік Қытайға АҚШ-та ұлттық қауіпсіздікке қатер төндірмейді деп саналатын салаларға инвестиция салуға мүмкіндік беруі мүмкін. Алайда ол Қытайдың 1 трлн доллар көлемінде инвестиция салуды жоспарлап отырғаны туралы ақпаратты растаған жоқ.

Оның айтуынша, тараптар сауда кеңесін құру және жалпы көлемі 30 млрд доллар болатын тауарларды тарифтерден босату мәселесін де талқылауда.

Бессенттің сөзінше, АҚШ пен Қытай жасанды интеллект технологиялары бойынша да диалог бастайды.

«Жасанды интеллект саласындағы екі алпауыт мемлекет келіссөз жүргізуге кіріседі. Біз мемлекеттік емес құрылымдардың мұндай модельдерге қол жеткізуіне жол бермеу үшін ЖИ технологияларын пайдаланудың үздік тәжірибелеріне негізделген ортақ тәртіп қалыптастырамыз», — деді ол.

Министр мұндай келіссөздер АҚШ-тың жасанды интеллект саласында жетекші орында тұрғанының арқасында мүмкін болып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, егер Қытай АҚШ-тан озып кеткенде, мұндай диалог басталмас еді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

АҚШ доллары әлемнің негізгі валюталарына қатысты арзандады

Жұма күнгі саудада АҚШ доллары еуроға, фунт стерлингке және иенаға қатысты төмендеді.

Үндістан маусымда мұнай импортын 13%-ға қысқартты, жеткізілімнің жартысына жуығы Ресейге тиесілі

2026 жылғы маусымда Үндістан 18,2 млн тонна мұнай импорттады. Бұл өткен жылдың сәйкес айындағы көрсеткіштен (20,96 млн тонна) 13,1%-ға аз. Ал ақшалай есептегенде импорт көлемі 40%-ға өсіп, 14,77 млрд долларға жетті. Бұл туралы Үндістан Сауда министрлігінің статистикалық деректерінде көрсетілген.

Мәскеу уақытымен 8:15-те жапондық Nikkei 225 индексі 0,4%-ға өсті.

Жапония мен Оңтүстік Корея нарықтарына технологиялық компаниялар акцияларының қымбаттауы қолдау көрсетуде.

Түркияға америкалық F-35 жойғыш ұшақтарын сату жөніндегі келіссөздер тығырыққа тірелді

Түркияға америкалық F-35 жойғыш ұшақтарын сату жөніндегі келіссөздер тығырыққа тірелді