Евразия24ЖаңалықтарҚазақстандықтарға әкімшілік амнистия аясында бірнеше миллиард теңгенің айыппұлы кешірілуі мүмкін

Қазақстандықтарға әкімшілік амнистия аясында бірнеше миллиард теңгенің айыппұлы кешірілуі мүмкін

|

|

Астана. 21 мамыр. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН — Қазақстанда алдағы әкімшілік амнистия аясында азаматтардың бірнеше миллиард теңге көлеміндегі айыппұлдары есептен шығарылуы мүмкін. Бұл туралы Снежана Имашева мәлімдеді.

«Айыппұлдардың нақты саны туралы айта алмаймын, бірақ жалпы сомасы бірнеше миллиард теңгені құрайды», – деді депутат бейсенбі күні Мәжіліс кулуарында журналистерге.

Оның айтуынша, негізінен есептен шығаруға ішкі істер органдары салған айыппұлдар ұсынылып отыр. Олардың басым бөлігі жол қозғалысы ережелерін бұзуға қатысты.

Алайда адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін құқықбұзушылықтар амнистияға ілінбейді. Атап айтқанда, бағдаршамның қызыл түсіне өту, жылдамдықты шамадан тыс асыру және мас күйінде көлік жүргізу секілді заңбұзушылықтар кешірілмейді.

«Қауіптілігі төмен құқықбұзушылықтар бойынша айыппұлдар есептен шығарылуы мүмкін. Мысалы, қауіпсіздік белдігін тақпау немесе көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдалану», – деп нақтылады Имашева.

Сонымен қатар амнистия аясында кейбір айыппұлдар бойынша есептелген өсімпұлдарды да жою жоспарланып отыр.

Бейсенбі күні Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты амнистия туралы» заң жобасын жұмысқа қабылдады. Құжатты маусым айының соңына дейін қарап, қабылдау жоспарланған.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Парламентке азаматтар мен мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндірмеген бірқатар қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылықтарға қатысты амнистия жүргізу туралы заң қабылдауды тапсырған болатын.

Әкімшілік амнистия Қазақстан тарихында алғаш рет өткізілмек.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Жастардың тәрбиесіне кім араласуы керек?

«Тәрбиесі берік отбасыдан шыққан азаматтар ешқашан адаспайды» Жастар — еліміздің...

Еуропа қор нарықтары өсім көрсетті, Испания индексі төмендеді

Дүйсенбі күні Еуропаның қор нарықтарында негізінен оң динамика байқалуда. Инвесторлар жарияланған макроэкономикалық көрсеткіштер мен корпоративтік жаңалықтарды бағалап жатыр.

АҚШ вице-президенті: Украина қорғанысқа басымдық беруі тиіс

АҚШ Украина Ресейге қарсы ауқымды шабуыл операцияларын жүргізуден гөрі қорғанысқа көбірек көңіл бөлуі керек деп санайды. Бұл туралы АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс The Times газетіне берген сұхбатында мәлімдеді.

Аятолла Моджтаба Хаменеи Иранның сот билігі басшысының өкілеттігін ұзартты

Иран Ислам Республикасының жетекшісі аятолла Моджтаба Хаменеи Голамхосейн Мохсени Эджеидің Иранның сот билігі басшысы ретіндегі өкілеттігін ұзарту туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы дүйсенбі күні Mehr агенттігі хабарлады.