Евразия24ЖаңалықтарТоқаев Токио губернаторымен цифрлық технологиялар саласындағы әріптестік мүмкіндіктерін талқылады

Тоқаев Токио губернаторымен цифрлық технологиялар саласындағы әріптестік мүмкіндіктерін талқылады

|

|

Астана. 22 мамыр. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Токио губернаторы Юрико Коикэ Астанада цифрлық технологиялар, халықаралық қаржы және білім беру салаларында әріптестік орнату мүмкіндіктерін талқылады. Бұл туралы жұма күні Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Юрико Коикэнің жетекшілігімен Токио әлемдегі ең қауіпсіз, ең таза әрі тиімді басқарылатын мегаполистердің бірі саналып отырғанын атап өтті.

«Қазақстанда Сізді уақыт сынынан өткен дос, сенімді серіктес әрі көрнекті мемлекет қайраткері ретінде жақсы біледі. Қазақстанның тарихы мен мәдениетін насихаттауға бағытталған күш-жігеріңізге ерекше мән береміз. Бұл бастамалар халықтарымыздың жақындасуына ықпал етеді», – деп атап өтті Мемлекет басшысы. Оның сөзін Президенттің баспасөз қызметі келтіреді.

Тоқаев өткен жылы Жапонияға жасаған ресми сапарын еске алып, оның қорытындысы бойынша екіжақты қатынастардың сапалық жаңа деңгейге көтерілгенін айтты.

«Мен Токиодағы “Ақылды қала” бағдарламасымен таныстым. Бұл біз үшін өте қызықты болды, өйткені Қазақстанда да Smart City тұжырымдамасы белсенді түрде дамытылып жатыр. Сіздің Астанаға сапарыңыз мегаполистерді басқару саласындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды одан әрі дамытуға тың серпін береді деп сенемін», – деді Президент.

Өз кезегінде Токио губернаторы жылы қабылдау үшін Мемлекет басшысына алғыс білдірді.

«Өңірдегі ірі экономика әрі елеулі ресурстарға ие мемлекет ретінде Қазақстан Еуропа мен Азияны байланыстыратын Орталық Азиядағы негізгі хаб ретіндегі рөлін нығайтып келеді», – деді губернатор.

Тоқаев Юрико Коикэні Қазақстан мен Жапония арасындағы достық байланыстарды нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

АҚШ доллары негізгі валюталарға қатысты тұрақты саудаланып жатыр

Сейсенбі күнгі саудада АҚШ долларының еуро мен фунт стерлингке шаққандағы бағамы айтарлықтай өзгерген жоқ. Ал иенаға қатысты америкалық валюта аздап қымбаттады.

Еуропада жазғы ыстықтан 35 мыңнан астам адам қайтыс болды

Биыл жазда Еуропаны жайлаған қалыптан тыс ыстық салдарынан әдеттегі көрсеткіштен кемінде 35 мыңға артық өлім тіркелді. Бұл туралы сейсенбі күні The Guardian хабарлады.

Азияның қор нарықтарындағы индекстердің басым бөлігі өсті

Сейсенбі күнгі сауда қорытындысында Азия-Тынық мұхиты аймағындағы ірі елдердің қор индекстері негізінен өсім көрсетті.

Трамп Канададағы француз тіліне қарсы ешқандай талабы жоқ екенін мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп Оттаваның мәлімдемелерін жоққа шығарып, Канадада француз тілінің қолданылуына қарсы емес екенін айтты. Француз тілі ағылшын тілімен қатар Канададағы ресми тілдердің бірі саналады.