Евразия24Ушыққан мәселеЕАЭО ыдырайды: армандаудың айыбы жоқ

ЕАЭО ыдырайды: армандаудың айыбы жоқ

|

|

Мамыр айының соңында ЕАЭО саммиті өтеді деп күтілуде. Бұл бірлестік тек ресми түрде ғана емес, іс жүзінде де бар ма? Егер Қазақстан бүгін ЕАЭО-ға кіру туралы шешімді қайта қабылдайтын болса, бұл таңдау экономикалық тұрғыдан тиімді болар ма еді? Және бұл құрылым тағы қанша уақыт өмір сүрмек?»

Бұл туралы «exclusive.kz» порталының бас редакторы Қарлығаш Еженова Мемлекеттік саясатты зерттеу орталығының (Public Policy Research Center) директоры Меруерт Махмутовамен жүргізген сұхбатында талқылады.

Қарлығаш Еженова мен оның «exclusive.kz» жобасы – әлемдік нарыққа кірігіп жатқан посткеңестік Қазақстан экономикасының алғашқы қалыптасу кезеңі, яғни 90-жылдардың туындысы. Бұл – билік, сарапшылар және журналистер ортасында тәуелсіздік пен нарықтық либерализмнің алғашқы лебі зор ықыласпен қабылданған уақыт еді. Қазіргі таңда саясат пен экономика саласында әбден ысылған «ағалар» ол кезде нағыз «жас түріктер» (младотюрктер) болатын. Қарлығаш Еженованың өзіне де, оның жобасына да тиісті бағасын беру керек: уақыт оларға әсер ете алмаған сияқты.

Ал оның сұхбаттасушысына келетін болсақ, ол да осы кезеңнің өкілі. Қоғамдық саясатты зерттеу орталығының атауы Қазақстандағы Сорос қорының белсенді жұмыс істеген шақтарын еске түсіреді. Меруерт Махмутоваға да құрметпен қарауымыз керек, өйткені ол да сол кезден бері өзінің ұстанған бағытын өзгерткен жоқ.

«Еуразиялық экономикалық одақ іс жүзінде Ресей экономикасын соғыс жағдайында қолдау құралына айналды. Бізді ұстап тұрған жалғыз нәрсе – мұнайымызды халықаралық нарықтарға Ресей Федерациясының аумағы арқылы экспорттау мүмкіндігі. Еуразиялық экономикалық одақтың Қазақстанға ешқандай пайда әкелмейтіні бастан-ақ белгілі еді. Сондықтан мұның бәрі бізге де жанама әсерін тигізеді. Соғысып жатқан Ресей болса да, оның зардабын біздің экономикамыз тартады, тіпті қазірдің өзінде сезініп отырмыз…»

Бұл — әңгіменің әлқиссасы ғана. Ал сұхбаттасушылар видеоның тақырыбында жарияланған «Еуразиялық экономикалық одақ КСРО-ның тағдырын қайталайды» деген тұжырымға қалай келді?

Бірақ олар бұл сұраққа нақты жауап ұсына алған жоқ, тек аз-кем қиялға ерік бергендей әсер қалдырады. Әңгіме негізінен ЕАЭО-ның Қазақстанға тиімсіз екені және одан шыққан дұрыс болар еді деген шағымдарға құрылған. Алайда өздері-ақ мұның іс жүзінде мүмкін еместігін мойындайды. Кем дегенде, Ресей аумағы арқылы өтетін КҚК мұнай құбырына байланысты.

Мәселе де осында — Еуразиялық экономикалық одаққа балама бола алатын нақты әрі өміршең модельді радикалды либералдар ұсына алмай отыр. Иә, олардың наразылығы күшті, бірақ қолдарында әзірге шағым мен қиялдан өзге нақты ұсыныс жоқ.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан Құрылтайы 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Қазақстанның бір палаталы парламенті – Құрылтай сәрсенбі күні «2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қарап, мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

АҚШ-тағы инфляция туралы есеп қарсаңында доллардың еуроға шаққандағы бағамы тұрақты, фунт пен иенаға қатысты айтарлықтай өзгерген жоқ

Сәрсенбі күні күндіз АҚШ долларының еуроға шаққандағы бағамы тұрақты сақталып, фунт стерлинг пен жапон иенасына қатысты болмашы өзгеріс көрсетті.

Ерлан Қарин Президентке ішкі саясаттың басым бағыттары бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп берді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент Ерлан Қариннің ішкі саясаттың басым бағыттарын іске асыру, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау және бастамаларын жүзеге асыру жөніндегі есебін тыңдады. Бұл туралы дүйсенбі күні Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Польша президенті өз қатысуынсыз Сеймде ант берген Конституциялық сот судьясының өкілеттігін мойындамады

Польша президенті Кароль Навроцкий сәрсенбі күні Марцин Беректің Конституциялық сот судьясы ретінде ант беру рәсіміне қарсылық білдірді, деп хабарлайды Polsat телеарнасы.