Евразия24ЖаңалықтарSamsung кәсіподағы бонустарды арттыру туралы келісімді мақұлдады

Samsung кәсіподағы бонустарды арттыру туралы келісімді мақұлдады

|

|

Нью-Йорк. 27 мамыр. ИНТЕРФАКС – Оңтүстік Кореядағы Samsung Electronics Co. компаниясының ең ірі кәсіподағы қызметкерлерге төленетін бонустарды ұлғайту жөніндегі келісімді көпшілік дауыспен қолдады. Бұл шешім ауқымды ереуіл мен миллиардтаған шығынның алдын алуға мүмкіндік берді.

Bloomberg агенттігінің мәліметінше, келісімді кәсіподақ мүшелерінің шамамен 74%-ы қолдап дауыс берген.

Келісім шарттарына сәйкес, Samsung микрочип өндірісінде жұмыс істейтін қызметкерлерге сыйақы төлеуге операциялық пайданың белгілі бір бөлігін бағыттайды. Bloomberg есебіне сүйенсек, биыл осы салада еңбек ететін 78 мың қызметкердің әрқайсысына орта есеппен 513 миллион вон немесе шамамен 340 мың доллар көлемінде бонус төленуі мүмкін.

Ал компания қызметкерлерінің орташа жалақысы 2025 жылы 158 миллион вон болған.

Сарапшылар бұл жағдай компания ішіндегі әртүрлі бөлімшелер арасында шиеленісті күшейтуі ықтимал екенін айтады. Себебі чип өндірісіне қатысы жоқ қызметкерлер небәрі 6 миллион вон көлемінде бонус алады.

Samsung әлемдегі жетекші чип өндірушілерінің бірі саналады. Оларға деген сұраныстың күрт өсуі аясында компанияның нарықтық құны соңғы 12 айда 5,5 есе артқан. Жыл қорытындысы бойынша Samsung әлемдегі ең табысты компаниялардың біріне айналады деп күтілуде.

Сәрсенбі күні Сеул биржасындағы сауда қорытындысында Samsung акцияларының бағасы 2,3%-ға өсті.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Қазақстанның Қытай бастамаларын қолдауға дайын екенін мәлімдеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Қытайдың бастамаларын қолдауға дайын екенін мәлімдеп, Си Цзиньпинмен мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға мүдделі екенін растады.

CATL Қазақстанда аккумулятор батареяларын шығаратын зауыт салуға дайын

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайға жұмыс сапары аясында Contemporary Amperex Technology Co. Ltd. (CATL) компаниясы директорлар кеңесінің тең төрағасы Пань Цзяньмен ынтымақтастықтың келешегін талқылады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қытайлық CCCC еншілес компаниясы Алматы облысында қуаты 600 МВт болатын гидроаккумуляциялық электр станциясын салады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайға жұмыс сапары аясында China Communications Construction Company (CCCC) компаниясының президенті Чжан Биньнаньмен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қытайлық Guoyou компаниясы Құрық порты терминалының бірінші кезеңін салады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қытайлық Guoyou Materials Industry Group Co., Ltd директорлар кеңесінің төрағасы Юй Боянмен кездесіп, Маңғыстау облысындағы Құрық портының көпфункционалды терминалының бірінші кезеңін салу жобасын талқылады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.