Евразия24ЖаңалықтарМадридте Рим папасының құлшылық рәсіміне миллионнан астам адам қатысты

Мадридте Рим папасының құлшылық рәсіміне миллионнан астам адам қатысты

|

|

Мадрид. 7 маусым. ИНТЕРФАКС – Жексенбі күні Мадридте өткен Рим папасы Лев XIV өткізген құлшылық рәсімінн 1 миллионнан астам адам қатысты. Бұл туралы El País хабарлады.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, діни рәсімге 1,2 миллион сенуші жиналған. Ал жергілікті билік қатысушылар санын 1,1 миллион адам деп бағалап отыр.

Сибелес алаңы мен оған іргелес аумақтарға сыймаған адамдар үшін қала бойынша 42 алып экран орнатылған.

Басылымның жазуынша, Мадридте аптап ыстыққа қарамастан, мыңдаған адам мессаға қатысу үшін жиналған.

Месса барысында понтифик саясаткерлердің христиандық құндылықтарды өз мақсаттарына сай бұрмалап түсіндіруі мен пайдалануын сынға алған.

Лев XIV нақты қай саясаткерді меңзегенін айтпаған. Алайда батыстық бұқаралық ақпарат құралдары бұған дейін понтифик пен АҚШ президенті Дональд Трамп арасында бірқатар мәселелер бойынша келіспеушіліктер болғанын хабарлаған.

Атап айтқанда, Ватиканда Ақ үйде айтылған Құдай АҚШ-тың Иранға жасаған соққыларын қолдар еді деген сипаттағы пікірлер сынға алынған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

БАӘ басшысы ХАМАС шабуылы туралы Нетаньяхуға алдын ала ескерткен

Біріккен Араб Әмірліктерінің басшылығы 2023 жылғы 7 қазандағы шабуылдан бірнеше күн бұрын Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуға ХАМАС-тың ауқымды шабуыл әзірлеп жатқаны туралы ескерткен.

Валюта нарығында доллар тұрақтылығын сақтады

Сейсенбі күнгі саудада АҚШ долларының еуро мен фунт стерлингке шаққандағы бағамы айтарлықтай өзгерген жоқ. Ал иенамен арадағы бұрынғы төмендеуінің орнын толтырды.

Ресей Вьетнаммен сауда-экономикалық байланысты дамытуға басымдық береді

Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин Вьетнам Компартиясы Орталық комитетінің бас хатшысы, ел президенті То Ламмен кездесуінде Мәскеудің Вьетнаммен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға мүдделі екенін мәлімдеді.

ЕО Израильдің Палестина жеріндегі қоныстарын бейбітшілікке кедергі деп санайды

Еуропалық одақ басып алынған Палестина аумағындағы Израиль қоныстары халықаралық құқыққа қайшы деген ұстанымын тағы да растады.