Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Парламенті Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі...

Қазақстан Парламенті Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын құру туралы келісімді ратификациялады

|

|

Астана. 11 маусым. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН — Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты бейсенбі күні өткен жалпы отырыста «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен БҰҰ арасындағы Қазақстан Республикасында Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды және оған ілеспе Қазақстан Үкіметі мен БҰҰ арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау жөніндегі заңды мақұлдады.

Келісімнің мақсаты – Қазақстанда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын құрудың құқықтық негізін қалыптастыру. Орталық өңір елдерінің экономикалық, әлеуметтік және экологиялық салалардағы тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуіне жәрдемдеседі.

Сондай-ақ Орталық өңірлік жобалар мен бағдарламаларды іске асырып, БҰҰ құрылымдары, халықаралық қаржы институттары, жеке сектор және азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимыл мен үйлестіруді нығайтуға ықпал етеді. Бұдан бөлек, ол теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдерге арналған 2024–2034 жылдарға арналған Іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыруға үлес қоспақ.

Келісімге сәйкес, БҰҰ қызметкерлеріне халықаралық нормаларға сай артықшылықтар мен иммунитеттер беріледі. Қазақстан тарапы Орталық қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері үшін виза рәсімдеу және еңбек қызметіне қатысты рәсімдерді жеңілдетуді қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ Қазақстандағы Орталық Азия мен Ауғанстан бойынша БҰҰ өңірлік орталығын қаржыландыру тетігі айқындалды. Меморандум аясында Орталық жанынан консультативтік кеңес пен халықаралық консультативтік комитет құру жоспарланып отыр. Олар өңірлік бағдарламалардың басым бағыттарын айқындап, Орталықтың жұмыс бағдарламасы мен бюджетіне қатысты ұсынымдар әзірлейді.

Заңдар Мемлекет басшысының қол қоюына жолданды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Қазақстанның Армениямен мемлекетаралық байланыстарды нығайтуға ниетті екенін растады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Армения басшылығын тәуелсіздіктің 35 жылдығымен құттықтап, екі ел арасындағы мемлекетаралық байланыстарды нығайтуға Қазақстанның мүдделі екенін білдірді.

Инфляцияны нысаналы деңгейге түсіру экономикаға ауыр тиеді

Федералдық резерв жүйесі (ФРЖ) ұсыныс тарапынан жиілеп, ұзаққа созылып отырған күйзелістердің инфляцияны үдететін әсерін елеусіз қалдыра алмайды. Оған қарсы қабылданатын шаралар экономикаға ауыр тиюі мүмкін, деп мәлімдеді Чикаго Федералдық резерв банкінің (ФРБ) президенті Остан Гулсби.

АҚШ доллары еуро мен фунтқа қатысты тұрақты

Дүйсенбідегі сауда барысында АҚШ долларының еуро мен фунт стерлингке қатысты бағамы айтарлықтай өзгерген жоқ, ал иенаға шаққанда нығайып келеді.

McLaren Ұлыбританиядағы өндірісін кеңейтуге 500 млн фунт инвестиция салып, тұңғыш SUV моделін шығарады

Британдық спорттық автокөлік өндіруші McLaren Automotive Ұлыбританиядағы өндірісін ұлғайтып, жаңа модельдер шығаруға 500 млн фунт стерлинг ($675 млн) жұмсамақ. Компания сондай-ақ өз тарихында алғаш рет жол талғамайтын көлік шығаруды жоспарлап отыр.