Евразия24ЖаңалықтарИнтерпол Монакодағы жарылысқа күдікті Украина азаматына халықаралық іздеу жариялады

Интерпол Монакодағы жарылысқа күдікті Украина азаматына халықаралық іздеу жариялады

|

|

Париж. 3 шілде. ИНТЕРФАКС – Интерпол жұма күні өзінің ресми сайтында Монакода болған жарылысқа қатысы бар деген күдікпен 39 жастағы Украина азаматы Анастасия Березовскаяға халықаралық іздеу жарияланғаны туралы ақпарат жариялады. Аталған жарылыс салдарынан украиналық кәсіпкер Вадим Ермолаев зардап шеккен болатын.

Халықаралық ұйымның мәліметінше, күдіктіге адам өлтіруге оқталу, қоғамдық орында қасақана жарылғыш құрылғы орналастыру және қылмыстық сөз байласуға қатысу баптары бойынша айып тағылып отыр.

Интерпол күдіктінің фотосуреттерін де жариялады. Онда қара шашты әйел жолақты жейде киіп тұрғаны көрінеді. Сондай-ақ оның неміс тілін меңгергені атап өтілген.

Бұған дейін BFM TV телеарнасы дереккөздерге сілтеме жасап, Монакодағы жарылысқа қатысы бар әйелдің Германия аумағында болуы мүмкін екенін хабарлаған еді. Полиция мәліметіне сәйкес, күдікті ер адам кейпіне еніп жасырынуы ықтимал.

Ал France Info радиосы өз дереккөзіне сілтеме жасап, күдіктінің Монакодан кетіп, Италияға барған болуы мүмкін екенін хабарлаған болатын.

Радиостанцияның мәліметінше, осы аптада болған жарылыс кезінде зардап шеккен Вадим Ермолаев әлі де ауруханада жатыр, алайда оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Сонымен қатар жараланған әйелдің жағдайы ауыр екені айтылды. Бұған қоса, жасөспірім жеңіл жарақат алған.

Осы аптада Монакода Франциямен шекараға жақын орналасқан тұрғын үйдің кіреберісінде жарылыс болған еді. Бейнебақылау камералары рюкзакқа жасырылған жарылғыш құрылғыны үйдің жанына қалдырып кеткен адамның оқиға орнынан жедел кетіп бара жатқанын тіркеген.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстанда 300 мыңға жуық кәсіпорын жабылуы мүмкін

«Өткен жылы жаңа Салық кодексі талқыланған кезде 300 мыңға дейін кәсіпорын мен жеке кәсіпкер жұмысын тоқтатуы мүмкін деп болжаған едім.

Агрессияның артуына не себеп?

Алматыда 20 тамыз күні №33 бағыттағы автобуста болған жанжал жолаушылар үшін қауіпті жағдайға ұласа жаздады. Екі ер адам арасындағы сөзге келіспеушілік төбелеске ұласқан.

Таң атқанда олар оянды…

Сонымен, Құрылтай сайлауы аяқталды. Ендігі кезекте Үкімет жасақталып, вице-президент пен Халық Кеңесі құрылады. Осымен мемлекеттік билік жүйесін Конституцияға сәйкес қайта құру үдерісі негізінен аяқталмақ. Алда тағы бір кезектен тыс сайлау өтуі де ғажап емес. Бірақ оның болу-болмауы әлемдегі геосаяси ахуалдың қалай өрбитініне және жаңа Үкіметтің жұмысы қаншалықты нәтижелі болатынына байланысты. Сондықтан енді сыртқы факторларды емес, Қазақстан экономикасының өз ішінде қордаланған мәселелерге назар аударайық.Әңгімені сайлауда дауыс берген азаматтардың тұрмысынан бастайық. Бірінші тоқсандағы дерек бойынша, Қазақстандағы отбасы бюджетінің орташа есеппен 48,6%-ы азық-түлікке жұмсалған . Бұл көрсеткіште аз да болса оң өзгеріс бар – азық-түлік шығыны жалпы бюджеттің жартысынан төмендеген. Ақылы қызметтердің үлесі 21,7%-ға жетіп, айтарлықтай өскен. Оның едәуір бөлігі тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге тиесілі. Несие төлемдеріне отбасылық табыстың 7,6%-ы жұмсалады, бұл көрсеткіш те артқан. Нәтижесінде киім-кешек пен аяқкиімге, дәрі-дәрмекке, білім алуға, жол жүруге және өзге де қажеттіліктерге бюджеттің небәрі 19,9%-ы қалады. Демек, өзге қажеттіліктерге отбасы бюджеті жетпейді.

Жасанды интеллект қылмысты әшкерелеуге мүмкіндік береді

«Алматыда Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың «Болашақтағы тәуекелдер мен қатерлер» тақырыбындағы форумы өтті.