Евразия24ЖаңалықтарБас прокуратура Құрылтай сайлауына мерзімінен бұрын үгіт жүргізгені үшін жауапкершілік бар екенін...

Бас прокуратура Құрылтай сайлауына мерзімінен бұрын үгіт жүргізгені үшін жауапкершілік бар екенін ескертті

|

|

Астана. 8 шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстанның Бас прокуратурасы Құрылтай депутаттарын сайлау барысында партиялық тізімдер тіркеліп болғанға дейін сайлауалды үгіт жүргізуге әкімшілік жауапкершілік көзделгенін ескертті.

«Партиялық тізімдерді тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін қандай да бір сайлауалды үгіт жүргізуге жол берілмейді. Бұл талапты бұзу заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады», – делінген Бас прокурордың орынбасары Ерлік Өтегеновтің үндеуінде.

Бас прокуратураның мәліметінше, партиялық тізімдерді ұсыну мен тіркеу 2–23 шілде аралығында өтеді. Ал сайлауалды үгіт 23 шілде күні сағат 18:01-де басталып, 22 тамыз сағат 24:00-де аяқталады.

Қадағалау органы заңсыз сайлауалды үгіт жүргізуге де жол берілмейтінін еске салды. Атап айтқанда, тауарлар мен қызметтерді тегін таратуға, қайырымдылық акцияларын ұйымдастыруға, сайлаушыларға ақша беруге немесе оны беруге уәде етуге тыйым салынады. Мұндай әрекеттер үшін әкімшілік жауапкершілік, ал сайлаушыларды сатып алу фактілері бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Бас прокуратура бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформа пайдаланушыларын сайлау науқанын жариялау кезінде заң талаптарын сақтауға, үгіт кезеңі басталғанға дейін үгіт материалдарын жарияламауға, сондай-ақ кандидаттар мен саяси партиялар туралы көрінеу жалған ақпарат таратпауға шақырды.

Сонымен қатар сайлауға қатысты қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу және оның нәтижелерін жариялау талаптары да еске салынды.

Атап айтқанда, қоғамдық пікірге сауалнаманы Қазақстан заңнамасына сәйкес тіркелген, мұндай зерттеулерді жүргізуде кемінде бес жылдық тәжірибесі бар заңды тұлғалар ғана өткізе алады. Олар бұл туралы алдын ала Орталық сайлау комиссиясын жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.

Сайлауға қатысты қоғамдық пікір сауалнамаларының нәтижелерін, сайлау қорытындыларына болжамдарды, өзге де зерттеулерді, сондай-ақ кандидаттар мен саяси партияларды қолдауға байланысты дауыс беру нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдарында және онлайн-платформаларда дауыс беру күніне дейінгі бес күн ішінде және дауыс беру күні жариялауға тыйым салынады.

Сондай-ақ сайлау күні дауыс беру учаскелерінде немесе олардың аумағында қоғамдық пікірге сауалнама жүргізуге болмайды. Ал жеке тұлғалардың қоғамдық пікірге сауалнама өткізуіне және оның нәтижелерін жариялауына мүлде жол берілмейді.

«Заңдылық пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында Бас прокуратура сайлау процесіне қатысушылардың барлығын қолданыстағы заңнаманы қатаң сақтауға және заңға қайшы әрекеттерге жол бермеуге шақырады», – делінген үндеуде.

Құрылтай депутаттарының сайлауы 23 тамызға белгіленген.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Жасанды интеллект қылмысты әшкерелеуге мүмкіндік береді

«Алматыда Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың «Болашақтағы тәуекелдер мен қатерлер» тақырыбындағы форумы өтті.

Баку мен Мәскеу арасындағы саяси текетірес ушығып келеді

Әзербайжан Ресейдің үш азаматын – «Москва 24» телеарнасының жүргізушісі Иван Князевті, саяси кеңесші әрі медиа сарапшы Семен Ураловты және журналист, РФ көлік министрінің кеңесшісі Алексей Чадаевты Интерпол арқылы іздеуге жариялады. Бұл шешім Мәскеу мен Баку арасындағы саяси қайшылықтың тереңдей түскенін байқатады. Сонымен қатар Әзербайжанның еуразиялық және пантүркілік мүдделер тоғысқан тұста Ресейден алшақ бағыт ұстанып отырғанын көрсетеді. Осыдан кейін Мәскеу үшін Бакудің сыртқы саясаттағы ұстанымы да біршама айқындала түсті.

Тоқаев келесі президент сайлауына қатысу мәселесін 2027 жылы нақтылайтынын айтты

Астана. 23 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Алматы тұрғыны толтырылған бюллетеньді жариялағаны үшін жауапқа тартылды

Астана. 23 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстанда дауыс беру күні...