Астана. 10 шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы Үкіметі арасындағы трансшекаралық су нысандарын бірлесіп басқару және ұтымды пайдалану туралы келісімді ратификациялау туралы» заңға қол қойды. Бұл туралы ресми бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады.
Келісімге 2025 жылғы 15 қарашада қол қойылған. Құжат трансшекаралық су нысандарын бірлесіп басқару мен ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекетаралық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарын қауіпсіз пайдалануға бағытталған.
Келісімге сәйкес трансшекаралық су нысандары мен мемлекетаралық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарын бірлесіп басқару және ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі Қазақстан–Өзбекстан үкіметаралық комиссиясы құрылады.
Құжатты ратификациялау трансшекаралық су нысандарын пайдалану саласындағы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ұзақ мерзімді әрі өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ су ресурстарын бөлуге қатысты туындауы мүмкін даулы мәселелердің алдын алуға мүмкіндік береді.




