Евразия24ЖаңалықтарАстанадағы инженерлік және энергетикалық инфрақұрылымды дамытуға Үкімет резервінен 16 млрд теңгеден астам...

Астанадағы инженерлік және энергетикалық инфрақұрылымды дамытуға Үкімет резервінен 16 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

|

|

Астана. 13 шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Үкіметі Астананың инженерлік және энергетикалық желілерін дамытуға өз резервінен 16,2 млрд теңгеден астам қаржы бөлді. Бұл туралы дүйсенбі күні Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Қаражат Мемлекет басшысының елордадағы коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында бөлінді.

«Жобаларды іске асыру елордада тұрғын үй құрылысының қарқынды жүруі мен халық санының артуы жағдайында су бұру, жылу және электрмен жабдықтау жүйелерінің сенімді әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – делінген хабарламада.

Жалпы қаржының 8,7 млрд теңгесі су бұру жүйесінің нысандарын салу мен жаңғыртуға бағытталады. Атап айтқанда, елорданың Есіл ауданындағы қолданыстағы тазарту құрылыстарынан Ақмола облысындағы Қарабидайық көліне дейін тартылған кәріз коллекторын қайта жаңарту көзделген.

Сонымен қатар, Ұлы Дала, Хусейн бен Талал, Шыңғыс Айтматов көшелері және Тұран даңғылы бойымен Есіл өзеніне дейін тазартылған ағын суларды бұруға арналған су ағызу коллекторы салынады.

«Жоспарланған жұмыстардың нәтижесінде су жиналатын аумағы 4,5 мың гектарды қамтитын аумақта жерүсті және дренаж суларының сенімді ағызылуы қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ тәулігіне шамамен 70 мың текше метр ағын суды тазартатын құрылыстардың тұрақты жұмысына жағдай жасалады. Бұл елорданың одан әрі дамуына қажетті инженерлік инфрақұрылымды қалыптастырады», – деп атап өтті Үкіметтің баспасөз қызметі.

Тағы 7,5 млрд теңге Астананың энергетикалық инфрақұрылымын дамытуға бөлінеді. Бұл қаражатқа қолданыстағы электр желілеріне қосылатын 110/20 кВ «Қарлығаш» жабық қосалқы станциясы салынып, «Астана-Энергия» АҚ-ның ЖЭО-2-дегі №1 турбоагрегаты жаңғыртылады.

Жаңа энергетикалық нысан пайдалануға берілгеннен кейін «Ишим» және «Бәйтерек» қосалқы станцияларына түсетін жүктеме азайып, «Нұрлы жол» вокзалы ауданы мен Тельман тұрғын алабының шамамен 80 мың тұрғыны тұрақты электрмен қамтамасыз етіледі. Бұдан бөлек, қосымша қуат жаңа әлеуметтік нысандарды, соның ішінде мектептер мен емханаларды пайдалануға енгізуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ ЖЭО-2-дегі турбоагрегатты жаңғырту нәтижесінде оның электр қуаты 80 МВт-тан 110 МВт-қа дейін, яғни 30 МВт-қа артады. Бұл елордадағы электр энергиясын тұтыну көлемінің жыл сайынғы өсуін ескере отырып, энергиямен жабдықтау жүйесінің сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Шымкентте 46 мың оқушы жаңа оқулықпен қамтамасыз етілді

Шымкентте прокуратураның араласуынан кейін 46 мыңнан астам оқушы оқулықпен қамтамасыз етілді. «Тексеру барысында қаладағы мемлекеттік мектептерге 170 мыңнан астам оқулық жетіспейтіні анықталды.

Үкімет 2027 жылдан бастап әлеуметтік көмек берудің жаңа тәртібін бекітті

Қазақстан Үкіметі атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері мен оны тағайындау шарттарын, сондай-ақ азаматтың мұндай көмекке мұқтаж емес екенін анықтау өлшемшарттарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов 2026 жылы 19 қазанда қол қойды. Құжат Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес қабылданған және 2027 жылы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Ларри Джонсон және Америка

«Купол юрты» арнасының платформасында АҚШ Орталық барлау басқармасының (ЦРУ) бұрынғы қызметкері Ларри Джонсонның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде сөйлеген сөзі жарияланды. Оның бұл мінберден сөз сөйлеуінің өзі көп нәрсені аңғартады. Джонсонның өз айтуынша, ол кезінде КСРО-ға қарсы ақпараттық операцияларға тікелей қатысқан. Бұл салада мол тәжірибе жинақтап, ақпараттық соғыстың қалай жүргізілетінін жақсы меңгерген.

Қазақстанда тағы бір қылмыскерге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы кесілді

Павлодар облысында кәмелетке толмаған апалы-сіңлілі екі қызды зорлап, оларға АИТВ жұқтырған ер адамға сот Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген ең ауыр жаза – өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.