Евразия24ЖаңалықтарВице-президент Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің хатшылығын басқарады

Вице-президент Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің хатшылығын басқарады

|

|

АСТАНА. 5 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сенбі күні «Қазақстан Республикасы вице-президентінің өкілеттіктері туралы» жарлыққа қол қойды.

Мемлекет басшысының баспасөз қызметі таратқан жарлық мәтініне сәйкес, вице-президент мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты бойынша стратегиялық бастамаларды әзірлеп, Президентке ұсынады.

Сонымен қатар Президенттің тапсырмасы бойынша вице-президент Құрылтаймен, Үкіметпен және өзге де мемлекеттік органдармен, сондай-ақ саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл барысында Мемлекет басшысының атынан өкілдік етеді. Президенттің тапсырмасымен халықаралық іс-шараларға қатысады.

Вице-президент Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің хатшылығын басқарады. Бұған дейін бұл міндет Парламент Сенатының төрағасына жүктелген болатын.

Сондай-ақ вице-президент Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының қызметіне жетекшілік етеді.

Бұдан бөлек, ол Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның, Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның, Мемлекеттік рәміздер және ведомстволық әрі оларға теңестірілген өзге де наградалардың геральдикасы жөніндегі республикалық комиссияның, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның, Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның, Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның және Жастар саясаты жөніндегі кеңестің жұмысын қамтамасыз етеді.

Жарлықта вице-президенттің «Президенттің тапсырмаларына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыратыны» көрсетілген.

Жарлықта белгіленген міндеттерді орындау үшін вице-президент өкімдер шығаруға, өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдарға тапсырма беруге, Құрылтайдың, Үкіметтің, Халық Кеңесінің және Президент жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарына қатысуға құқылы.

Сонымен қатар вице-президент өз құзыретіне қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен басқа да материалдарды сұратуға және алуға құқылы. Сондай-ақ өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Президент актілерінің жобаларын әзірлеу және Мемлекет басшысы жүктеген өзге де міндеттерді орындау үшін ведомствоаралық жұмыс топтарын құра алады.

Қазақстанда референдумда қабылданған жаңа Конституция 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енді. Оның негізгі жаңалықтарының бірі — Қазақстан вице-президенті лауазымының енгізілуі. Өткен дүйсенбіде бұл қызметке Ерлан Қарин тағайындалды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Шымкентте 46 мың оқушы жаңа оқулықпен қамтамасыз етілді

Шымкентте прокуратураның араласуынан кейін 46 мыңнан астам оқушы оқулықпен қамтамасыз етілді. «Тексеру барысында қаладағы мемлекеттік мектептерге 170 мыңнан астам оқулық жетіспейтіні анықталды.

Үкімет 2027 жылдан бастап әлеуметтік көмек берудің жаңа тәртібін бекітті

Қазақстан Үкіметі атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері мен оны тағайындау шарттарын, сондай-ақ азаматтың мұндай көмекке мұқтаж емес екенін анықтау өлшемшарттарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов 2026 жылы 19 қазанда қол қойды. Құжат Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес қабылданған және 2027 жылы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Ларри Джонсон және Америка

«Купол юрты» арнасының платформасында АҚШ Орталық барлау басқармасының (ЦРУ) бұрынғы қызметкері Ларри Джонсонның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде сөйлеген сөзі жарияланды. Оның бұл мінберден сөз сөйлеуінің өзі көп нәрсені аңғартады. Джонсонның өз айтуынша, ол кезінде КСРО-ға қарсы ақпараттық операцияларға тікелей қатысқан. Бұл салада мол тәжірибе жинақтап, ақпараттық соғыстың қалай жүргізілетінін жақсы меңгерген.

Қазақстанда тағы бір қылмыскерге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы кесілді

Павлодар облысында кәмелетке толмаған апалы-сіңлілі екі қызды зорлап, оларға АИТВ жұқтырған ер адамға сот Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген ең ауыр жаза – өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.