Евразия24ЖаңалықтарИндонезия Беларусь азаматтары үшін визасыз режим енгізді

Индонезия Беларусь азаматтары үшін визасыз режим енгізді

|

|

Минск. 17 шілде. INTERFAX – Индонезия Беларусь азаматтары үшін визасыз кіру тәртібін енгізді. Бұл туралы бейсенбі күні Беларусь Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, 2026 жылғы 2 шілдеде Джакартада Беларусь Президенті Александр Лукашенко мен Индонезия Президенті Прабово Субианто арасында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру аясында Индонезия тарапы 2026 жылғы шілдеден бастап туристік мақсатпен келетін жалпыазаматтық паспорт иелері – Беларусь азаматтары үшін 30 күндік визасыз режим енгізді. Бұған дейін Беларусь азаматтары елге келген кезде виза рәсімдеуге міндетті болған.

Министрлік Беларусь тарапы да ашықтық саясатын дәйекті түрде ұстанып отырғанын атап өтті. Индонезия азаматтары үшін визасыз кіру тәртібі 2017 жылы енгізілген және қазіргі уақытта олар Беларусь аумағында визасыз 30 күнге дейін бола алады.

Беларусь СІМ-нің мәлімдеуінше, Джакартаның бұл шешімі Беларусь мемлекеті басшысының екіжақты қатынастарды нығайтуға, Беларусь пен Индонезия халықтары арасындағы гуманитарлық, іскерлік және туристік байланыстарды кеңейтуге бағытталған сыртқы саяси бағытын іске асырудағы нақты қадам болып табылады.

Бұған дейін Минск пен Джакарта Александр Лукашенко мен Прабово Субианто арасындағы келіссөздердің қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойған болатын. Атап айтқанда, 2026–2030 жылдарға арналған Беларусь Республикасы мен Индонезия Республикасы арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын дамыту жөніндегі Жол картасы мақұлданды.

Сонымен қатар өнеркәсіптік кооперация, мәдениет, денсаулық сақтау, қылмыстық кірістерді заңдастыруға, терроризмді және жаппай қырып-жоятын қаруды таратуды қаржыландыруға қатысты ақпарат алмасу, ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы меморандумдар мен келісімдер, сондай-ақ басқа да құжаттарға қол қойылды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Азия қор нарықтары жұма күні төмендеді

Жұма күні Азия-Тынық мұхиты өңірінің негізгі қор индекстері төмендеді. Инвесторлардың көңіл күйіне Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуі және АҚШ-тағы чип өндіруші компаниялар акцияларының арзандауы теріс әсер етті.

ЕО кеңесі Ресейдің әскери-өнеркәсіптік кешеніне қарсы санкциялар енгізді

Еуропалық одақ кеңесі жұма күні Ресейдің әскери-өнеркәсіптік кешеніне кіретін бір жеке тұлға мен бес ұйымға қатысты шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Ұлттық футбол қауымдастықтарының басым бөлігі Инфантиноның кандидатурасын қолдады

2027 жылғы наурызда өтетін Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) президентінің сайлауы қарсаңында ұйымға мүше 200-ден астам ұлттық футбол қауымдастығы қазіргі президент Джанни Инфантиноның кандидатурасын қолдады. Бұл туралы жұма күні The Guardian басылымы хабарлады.

Тоқаев жасанды интеллектті реттеу мәселелері бойынша жаһандық сарапшылық алаң құруды ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні (ЖИ) реттеу, стандарттар мен этика мәселелері бойынша тұрақты халықаралық сарапшылық алаң құруға шақырды.