Евразия24ЖаңалықтарКаспий құбыр консорциумы терминалында екі танкерге жасалған шабуылдан кейін мұнай тиеу тоқтатылды

Каспий құбыр консорциумы терминалында екі танкерге жасалған шабуылдан кейін мұнай тиеу тоқтатылды

|

|

Мәскеу. 19 шілде. ИНТЕРФАКС – Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалына террористік шабуыл жасалды. Консорциумның хабарлауынша, 19 шілдеде ВПУ-1 және ВПУ-3 қашықтағы тиеу құрылғыларында мұнай тиеу жұмыстары кезінде ASIA және NISSOS IOS танкерлеріне ұшқышсыз ұшу аппараттарының (дрондардың) көмегімен нысаналы шабуыл жасалған.

ASIA танкеріне «Теңізшевройл» (Chevron) компаниясының мұнайы, ал NISSOS IOS танкеріне «Қашаған Б.В.» және «Матен» («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ) компанияларының мұнайы тиеліп жатқан. Либерия мен Маршалл аралдарының туларымен жүзетін бұл танкерлерде халықаралық экипаж мүшелері болған.

Шабуыл салдарынан ASIA танкерінде өрт шыққан. Өрт Каспий құбыр консорциумының авариялық-құтқару қызметтерінің қатысуымен сөндірілді.

«Мұнай тиеу жұмыстары тоқтатылды. Каспий құбыр консорциумы мен мердігер ұйымдардың қызметкерлері арасында зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Мұнайдың төгілуіне жол берілген жоқ. Экипаж мүшелері медициналық көмекке жүгінген жоқ. Екі танкер де жүзу қабілетін сақтап қалды, келтірілген залалдың көлемі бағаланып жатыр», – делінген консорциум хабарламасында.

Мәлімдемеде Каспий құбыр консорциумы Ресей, АҚШ, Қазақстан және Батыс Еуропаның бірқатар елдерінің жетекші мұнай-газ компанияларын біріктіретіні атап өтілген. Компанияның пікірінше, консорциум нысаны мен теңіз терминалы акваториясындағы азаматтық кемелерге жасалған шабуыл Каспий құбыр консорциумына қатысушы мемлекеттердің мүдделеріне қарсы бағытталған әрекет болып саналады.

Сондай-ақ бұл халықаралық құқықтың қорғауындағы азаматтық нысанға қарсы жасалған бесінші тікелей шабуыл екені айтылған. Консорциум акционерлері мен қатысушы мемлекеттердің басшылығы жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі және қатысушы елдердің экономикалық мүдделерін ілгерілетудегі консорциумның маңызды рөлін мойындайтыны атап өтілген.

Компания Каспий құбыр консорциумына қатысты ешқашан санкциялық немесе басқа да шектеу шаралары қолданылмағанын, бұл оның халықаралық энергетикалық нарықтағы стратегиялық маңызын көрсететінін мәлімдеді.

Каспий құбыр консорциумы Қазақстандағы Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарынан өндірілетін мұнайды тасымалдайды. 2025 жылы консорциум теңіз терминалы арқылы шамамен 70,5 млн тонна мұнай жөнелтілген. Оның 75 пайыздан астамы шетелдік жүк жөнелтушілердің үлесіне тиесілі. Олардың қатарында «Теңізшевройл» (Chevron), ExxonMobil, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, Eni және Shell компаниялары бар.

Ұзындығы 1,5 мың шақырым болатын Каспий құбыр консорциумының құбыр жүйесі Қазақстанның батысындағы және Каспий қайраңындағы мұнай кен орындарын Қара теңіздегі Новороссийск теңіз терминалымен байланыстырады. Бұл Қазақстан мұнайын экспортқа шығарудың негізгі бағыты болып табылады және құбыр арқылы тасымалданатын қазақстандық мұнайдың 80 пайыздан астамы осы жүйе арқылы жеткізіледі.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қауіпсіздігі сын көтермейтін демалыс орындары

Көпшіліктің сүйікті демалыс орындарының бірі – Алакөлде екі күннің ішінде адам шошырлық екі оқиға болды. 16 шілдеде шағын жүзу құралы 69 жастағы әйелді қағып кетіп, салдарынан ол екі аяғынан айырылды. Ал 17 шілдеде көлде екі гидроцикл соқтығысып, бір адам қаза тапса, тағы бір адам ауыр жарақат алды.

Ескі көліктерге қандай шектеу қойылмақ?

Алматыға ескі автокөліктердің кіруін шектеу туралы бастама жаңалық емес. Бұл мәселе кемінде соңғы он бес жыл бойы арагідік көтеріліп келеді. Алайда әр жолы азаматтардың еркін жүріп-тұру құқығы мен кемсітуге жол бермеу қағидаттарына байланысты құқықтық мәселелер алдан шығып отыр.

«Ең жауапсыз жұмыс беруші» атағы кімге бұйырды?

Білім беру саласында нақты жалақы 6,7 пайызға, ал денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету саласында 4,2 пайызға төмендесе, ең алдымен жауапкершілік мемлекетке жүктеледі.

Қазақстан экономикасын қандай қауіп күтіп тұр?

Жуырда Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) World Economic Outlook Update: Global Economy in Crosscurrents of War and Technology атты шілде айының жаңартылған баяндамасын жариялады. Қор сарапшыларының бағалауынша, әлемдік экономика бүгінде әртүрлі сипаттағы сыртқы күйзелістердің ықпалында қалып отыр. Бір жағынан, Таяу Шығыстағы әскери қақтығыс, сондай-ақ Ормуз бұғазы арқылы мұнай мен газ жеткізіліміндегі іркілістер жаһандық экономикаға қысым түсіруде. Екінші жағынан, жасанды интеллект технологиялары мен микроэлектроникаға арналған жабдықтарға сұраныстың күрт артуы экономикалық белсенділікті ынталандырып отыр. Бір қызығы, ХВҚ сарапшылары Орталық Азия мен Қазақстан экономикасына қатысты Еуразиялық даму банкінің (ЕАДБ) бағалауларындай оптимистік көзқарас танытпаған. Бұған дейін біз ЕАДБ-ның 2026–2028 жылдарға арналған болжамдарын жан-жақты талдап, жаһандық күйзелістерге қарамастан Қазақстан экономикасының өсімі сақталатыны жөніндегі тұжырымдарына тоқталған едік.