Евразия24ЖаңалықтарМарокко билігі Сеута шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған мигранттарды ұстады

Марокко билігі Сеута шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған мигранттарды ұстады

|

|

Мадрид. 15 тамыз. ИНТЕРФАКС – Марокконың қауіпсіздік күштері сенбі күні 111 мигранттың елдің солтүстігіндегі Испанияға қарасты Сеута қаласының шекарасына жету әрекетінің жолын кесті. Олардың басым бөлігі Сахараның оңтүстігіндегі Африка елдерінен келген. Сонымен қатар заңсыз көші-қонға шақырды деген күдікпен 61 адам ұсталды. Бұл туралы Марокконың құқық қорғау органдарындағы дереккөздер ЭФЭ агенттігіне хабарлады.

Бұған дейін Марокко қауіпсіздік күштерінің өкілдері сенбіге қараған түні Сеутаның оңтүстік-батысындағы таулы аймақта арнайы операция жүргізілгенін мәлімдеген.

Испания билігінің мәліметінше, Марокконың Испанияға қарасты Сеута және Мелилья қалаларымен шекарасындағы жағдай тұрақты. Шекараның екі жағында да қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Екі елдің арнайы қызметтері құрлықтағы және теңіздегі шекара аумақтарын тұрақты бақылауда ұстап, әуеден де патруль жүргізіп жатыр.

Осы аптаның басында Марокко Ішкі істер министрлігі соңғы күндері түрлі әлеуметтік желілерде 15 тамызда Сеута шекарасын жаппай кесіп өтуге үндейтін шақырулар тарағанын хабарлады.

30-31 шілдеде ондаған мың заңсыз мигрант шекарадан өтіп кеткеннен кейін Марокко билігі Африка құрлығындағы Испанияның Сеута және Мелилья қалаларына жақын шекара аумақтарындағы қауіпсіздікті күшейту үшін бірнеше мың әскери қызметшіні жұмылдырды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

Бейсенбі күнгі сауда барысында Батыс Еуропа елдерінің қор индекстері төмендеді.

«Исайас» дауылы Мексика шығанағынан АҚШ-қа қарай жылжып келеді

Мексика шығанағында қалыптасқан «Исайас» дауылы жұма немесе сенбі күні АҚШ жағалауына жетеді. Бұл туралы бейсенбі күні АҚШ-тың Ұлттық дауылдарды бақылау орталығы хабарлады.

ЕО-ның көші-қон саясаты тығырықтан шыға алмай отыр

Еуроодақ елдерінің басшылары көші-қон мәселесін ондаған саммитте талқылағанымен, бұрынғы тәсілдерді қайталап, нақты нәтиже бермеген шешімдерден әлі бас тартқан жоқ. Бұл туралы EUobserver интернет-басылымы хабарлады.

АҚШ доллары негізгі әлемдік валюталарға қатысты нығайып келеді

Бейсенбі күні түстен кейін АҚШ доллары еуроға, фунт стерлингке және иенаға қатысты біршама қымбаттады.