Евразия24ЖаңалықтарТоқаев Модиді Үндістанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Тоқаев Модиді Үндістанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады

|

|

Астана. 15 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай елдің премьер-министрі Нарендра Модиге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында Үндістанның халықаралық қатынастардағы маңызды рөлін атап өтіп, елдің экономикадағы елеулі жетістіктері мен зор ғылыми-техникалық әлеуетіне жоғары баға берді.

Президент Қазақстан мен Үндістан арасындағы стратегиялық әріптестіктің дәйекті дамып келе жатқанын да атап өтті. Сондай-ақ түрлі салалардағы өзара ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге мол мүмкіндік бар екеніне назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нарендра Модиге жауапты қызметінде табыс, ал достас Үндістан халқына бақ-береке мен өркендеу тіледі.

Үндістанның Тәуелсіздік күні 15 тамызда атап өтіледі. Бұл мереке елдің 1947 жылы Ұлыбританиядан тәуелсіздік алуына орай белгіленген.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

Бейсенбі күнгі сауда барысында Батыс Еуропа елдерінің қор индекстері төмендеді.

«Исайас» дауылы Мексика шығанағынан АҚШ-қа қарай жылжып келеді

Мексика шығанағында қалыптасқан «Исайас» дауылы жұма немесе сенбі күні АҚШ жағалауына жетеді. Бұл туралы бейсенбі күні АҚШ-тың Ұлттық дауылдарды бақылау орталығы хабарлады.

ЕО-ның көші-қон саясаты тығырықтан шыға алмай отыр

Еуроодақ елдерінің басшылары көші-қон мәселесін ондаған саммитте талқылағанымен, бұрынғы тәсілдерді қайталап, нақты нәтиже бермеген шешімдерден әлі бас тартқан жоқ. Бұл туралы EUobserver интернет-басылымы хабарлады.

АҚШ доллары негізгі әлемдік валюталарға қатысты нығайып келеді

Бейсенбі күні түстен кейін АҚШ доллары еуроға, фунт стерлингке және иенаға қатысты біршама қымбаттады.