Евразия24ЖаңалықтарЭстонияның Ресеймен шекарасында дрондарды анықтайтын алғашқы радарлар іске қосылды

Эстонияның Ресеймен шекарасында дрондарды анықтайтын алғашқы радарлар іске қосылды

|

|

Таллин. 15 тамыз. ИНТЕРФАКС – Эстония мен Ресей шекарасының Нарва және Нарва-Йыэсуу қалалары арасындағы бөлігінде ұшқышсыз ұшу аппараттарын анықтайтын алғашқы радарлар жұмыс істей бастады. Жаңа жүйелер осыған дейін бақылаудан тыс қалған аумақтарды қамтуға мүмкіндік береді, деп хабарлады ERR телерадиокомпаниясы Эстонияның Полиция және шекара күзеті департаментіне сілтеме жасап.

«Заманауи радиолокациялық жүйелер әуе кеңістігін бақылаумен қатар, ұшқышсыз ұшу аппараттарының қозғалысын қадағалауға мүмкіндік береді. Жүйе қандай да бір қауіп анықтаса, ақпарат тәулік бойы жұмыс істейтін басқару орталығына дереу түседі. Кезекші топ жағдайды бағалап, қандай күш пен құрал қолдану қажеттігін шешеді. Атап айтқанда, патруль жіберу, қосымша қызметкерлер тарту, авиацияны немесе дрондарға қарсы құралдарды пайдалану жөнінде шешім қабылдануы мүмкін», – деді Полиция және шекара күзеті департаменті бас директорының орынбасары Вейко Коммусаар ERR-ге.

Алдағы бір ай ішінде Нарва мен Нарва-Йыэсуу арасындағы бес нүктенің барлығында жаңа радарлар мен бақылау жүйелері іске қосылуға тиіс. Олар Нарва шекара өзені мен әуе кеңістігіндегі жағдайды бақылауға мүмкіндік береді.

Келесі кезеңде ұшқышсыз ұшу аппараттарына қарсы іс-қимыл жүйесін дамыту жоспарланып отыр.

«Мұндай құралдар тек шығыс шекарада ғана қажет емес. Ықтимал қауіп басқа бағыттардан, мәселен, Балтық теңізі жағынан да төнуі мүмкін. Сондықтан алдағы уақытта осындай жүйелерді Эстонияның бүкіл аумағында пайдалану жоспарланып отыр», – деді ішкі істер министрі Игорь Таро.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

Бейсенбі күнгі сауда барысында Батыс Еуропа елдерінің қор индекстері төмендеді.

«Исайас» дауылы Мексика шығанағынан АҚШ-қа қарай жылжып келеді

Мексика шығанағында қалыптасқан «Исайас» дауылы жұма немесе сенбі күні АҚШ жағалауына жетеді. Бұл туралы бейсенбі күні АҚШ-тың Ұлттық дауылдарды бақылау орталығы хабарлады.

ЕО-ның көші-қон саясаты тығырықтан шыға алмай отыр

Еуроодақ елдерінің басшылары көші-қон мәселесін ондаған саммитте талқылағанымен, бұрынғы тәсілдерді қайталап, нақты нәтиже бермеген шешімдерден әлі бас тартқан жоқ. Бұл туралы EUobserver интернет-басылымы хабарлады.

АҚШ доллары негізгі әлемдік валюталарға қатысты нығайып келеді

Бейсенбі күні түстен кейін АҚШ доллары еуроға, фунт стерлингке және иенаға қатысты біршама қымбаттады.