Евразия24Ушыққан мәселеӘйелдің саясаттағы орны қандай?

Әйелдің саясаттағы орны қандай?

|

|

Саясаткердің сөзі кейде ойын білдіру үшін емес, оны бүркемелеу үшін қажет деген тәмсіл бар. Бірақ бүркемелейтін ой болмаса, бос сөздің керегі не ?

Сәуле Сағади депутаттыққа әйел болған соң ғана ұсынылып отыр. Ол – Астанадағы Re.Women әйелдер қауымдастығының төрайымы. eurasia24.media редакциясының әйелдер қауымы кандидаттың Құрылтайға қандай бастамамен бара жатқанын, әйелдердің атынан қандай мәселе көтермек екенін түсінуге тырысты. Алайда нақты жауап таба алмады. Бұған редакцияны кінәлау да қиын: кандидаттың өзі де Парламентке не үшін бара жатқанын анық жеткізе алмады.

Әлде Аша Матай секілді дәстүрлі тәрбиені алға тартып, ер адамдармен дебатқа қатыспау да саяси ұстанымға айнала ма? Айтылған сөздің өзі, әсіресе қазақша, әдемі естіледі: «Анам бала кезімнен қазақ қызына ер адаммен, әсіресе жасы үлкен кісімен сөз таластыру жараспайды деп тәрбиеледі».

Тіпті мұны жаңа саяси бастама деуге де болатын шығар: Құрылтайда ерлер мен әйелдердің ара-жігін ажыратып, әрқайсысына өз орнын белгілеп қояйық. Шығыстың кейбір елдеріндегі тәртіпке ұқсап кетсе де, есесіне кімнің қай жерде болуы керектігі туралы дау да қалмайды!

Жаңа Конституция қабылданғаннан кейін Құрылтай Қазақстанда жаңадан жасақталып жатқан соң, депутаттыққа да саясатта тәжірибесі жоқ адамдар келуі керек деген түсінік қалыптасқандай . Әйтеуір «саясаткер болып тумайды» және «саясат Парламенттен емес, үйден басталады» деген пікір Ермұхамет Ертісбаевтың ұтымды әжуасынан кейін мазмұны жұтаң сайлау науқанының жұртты бір серпілткен тақырыбына айналды.

Ендеше осы ойды әрі қарай өрбітіп көрейік. Адам бірден ұшқыш та, хирург те болып тумайды ғой. Олай болса, ұшар алдында жолаушылар стюардессалардың арасынан сымбаты келіскен біреуін таңдап, бірден ұшқыштың орнына отырғызса қайтеді? Немесе операция алдында науқас өзін емдейтін маманды, айталық, сұлулық салоны қызметкерлерінің арасынан өзі таңдап алсын.

Тіпті бұдан да қызығырақ жол бар. Әншілерге, әртістер мен блогерлерге депутат болудың жолы ашық болса, енді Үкімет пен әкімдіктердің құрамын да шығармашылық орта өкілдерімен жаңартып көрген жөн шығар.

Әрине, 2026 жыл елімізде цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланғанын да ұмытпайық. Осындай «креативті» кадрлық тәжірибені қазақстандық жасанды интеллектінің дамуына да негіз етіп алсақ, тіпті жарасып кетер еді.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

АҚШ доллары негізгі әлемдік валюталарға қатысты айтарлықтай өзгерген жоқ

Бейсенбі таңертең АҚШ долларының негізгі әлемдік валюталарға шаққандағы бағамында елеулі өзгеріс байқалмады.

Иранда мұнай министрінен кейін Сыртқы істер министрін де қызметтен кетіру мәселесі көтерілді

Иран парламентінің бір топ депутаты Ислам Республикасының сыртқы істер министрі Аббас Аракчиді қызметінен босату бастамасын көтерді. Тиісті рәсімді бастау жөніндегі өтініш Мәжілісте тіркелген

Тәжікстан мен KOICA инвестиция және жаңа бірлескен жобаларды талқылады

Тәжікстанның Экономикалық даму және сауда министрі Абдурахмон Абдурахмонзода мен Корея Республикасының халықаралық ынтымақтастық агенттігі (KOICA, Korea International Cooperation Agency) Жаһандық көшбасшылар бағдарламасы департаментінің атқарушы директоры Ким Ён Ран сауда-экономикалық байланыстарды дамыту, инвестиция тарту және жаңа бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

ЕО газ қоры әлі де орташа көрсеткіштен төмен

Еуропадағы жерасты газ қоймаларындағы қор 6 қазандағы газ тәулігінің қорытындысы бойынша 72,97%-ға дейін өсті. Бұл туралы Gas Infrastructure Europe (GIE) – Еуропаның газ инфрақұрылымы операторлары қауымдастығы хабарлады.