Евразия24ЖаңалықтарҚазақстанда мемлекеттік органдарды жаңғырту жұмысы жыл соңына дейін жалғасады

Қазақстанда мемлекеттік органдарды жаңғырту жұмысы жыл соңына дейін жалғасады

|

|

Астана. 28 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстанда мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттарды жаңғырту жұмысы биылғы жылдың соңына дейін жалғасады. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

«Жалпы, мемлекеттік және қоғамдық институттарды жүйелі түрде жаңғырту жұмысы осы жылдың соңына дейін жалғасады», – деді Тоқаев жұма күні бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың алғашқы сессиясын ашу барысында.

Президенттің айтуынша, Құрылтайдың жұмысқа кірісуі мемлекеттік басқару жүйесіндегі ауқымды институционалдық өзгерістердің басталуына жол ашады. Өйткені жаңа заң шығарушы орган билік жүйесін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

«Атап айтқанда, Конституциялық соттың судьялары, Орталық сайлау комиссиясы мен Жоғары аудиторлық палатаның мүшелері Құрылтайдың келісімімен тағайындалады», – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ ол Президенттің ұсынуымен Жоғарғы сот судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату құқығы депутаттарға берілгенін еске салды. Бұдан бөлек, Құрылтай Конституциялық және Жоғарғы сот судьяларын, сондай-ақ депутаттарды құқықтық иммунитеттен айыру мәселесін шеше алады.

Депутаттар республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі Жоғары аудиторлық палатаның есебін бекітеді және Конституциялық соттың жыл сайынғы жолдауын тыңдайды.

Сонымен қатар Құрылтай Үкіметке сенімсіздік білдіруге және Үкіметтің жекелеген мүшелерін қызметінен босату жөнінде Президентке ұсыныс енгізуге құқылы.

«Бір сөзбен айтқанда, Құрылтайға атқарушы және сот билігін қалыптастыруға, сондай-ақ ел тағдыры үшін айрықша маңызы бар стратегиялық мәселелерді шешуге қатысты кең өкілеттік берілді», – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, мұның бәрі заң шығарушы органның билік жүйесіндегі ықпалын едәуір арттырып, билік тармақтары арасындағы тежемелік әрі тепе-теңдік тетіктерін күшейтті.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстанда ипотека алу жеңілдеуі мүмкін

Қазақстанда тұрғын үй бағдарламалары бойынша бастапқы жарна мөлшері төмендеуі мүмкін. Премьер-министр Олжас Бектенов осы бағытта тиісті тапсырма берді. Үкімет басшысы құрылыс саласындағы басты міндеттердің бірі жоспарланған 20,4 млн шаршы метр тұрғын үйді толық аяқтап, пайдалануға беру екенін атап өтті.

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу тәртібі жеңілдетілмек

ҚР Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, ведомство көлік құралдарын тіркеу және оларды басқару құқығын алу үшін емтихан тапсыру қағидаларына өзгерістер әзірледі. «Біздің мақсатымыз – мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін жеңілдетіп, оған кететін уақытты қысқарту. Осыған байланысты артық рәсімдер алынып тасталады.

Борышкерлердің құқығын қорғау: Қазақстан коллекторларға қойылатын талаптарды тағы да қатаңдатпақ

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) коллекторлық агенттіктердің қызметіне жаңа шектеулер енгізуді жоспарлап отыр. Бұған қарыз алушылардан толассыз түсіп жатқан шағымдар себеп болған (https://bes.media/news/arrfr-gotovit-novye-ogranicheniya-dlya-kollektorov-posle-zhalob-dolzhnikov/ ). Тұтынушылық кредиттер бойынша берешекті коллекторларға сатуға енгізілген мораторийдің 2027 жылғы 1 мамырға дейін ұзартылуы да мәселені шешпеген сыңайлы. Азаматтар коллекторлардың белгіленген уақыттан тыс хабарласатынына, рұқсат етілген байланыс санынан асып кететініне, сондай-ақ жұмыс берушілер мен таныстары арқылы психологиялық қысым көрсететініне шағымдануда. Заң талаптарын бұзған агенттіктер тексеріледі. Ал өрескел немесе жүйелі заңбұзушылықтарға жол бергендері арнайы тізілімнен шығарылуы мүмкін. Ендеше, коллекторларға қойылатын талаптардың кезекті рет қатаңдатылуы борышкерлердің жағдайына қалай әсер ететінін қарастырайық.

Шанхай мен Гонконг биржаларында акциялар қымбаттады, ал Оңтүстік Кореяның Kospi индексі 5,5%-ға құлдырады

Сейсенбі күні Азия-Тынық мұхиты өңірінің қор биржаларындағы сауда әртүрлі нәтижемен аяқталды. Қытай мен Гонконгтың негізгі индекстері аздап өсті, Австралия нарығында айтарлықтай өзгеріс болған жоқ. Ал Жапонияда акциялар едәуір арзандап, Оңтүстік Кореяның Kospi индексі микрочип өндіруші компаниялар акцияларының құлдырауы салдарынан 5%-дан астам төмендеді.