Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Халық кеңесі қыркүйектің екінші жартысында құрылады

Қазақстан Халық кеңесі қыркүйектің екінші жартысында құрылады

|

|

Астана. 28 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Халық кеңесі қыркүйектің екінші жартысында жасақталады. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

«Қыркүйектің екінші жартысында Қазақстан Халық кеңесі құрылады. Бұл – еліміздің тарихында алғаш рет құрылғалы отырған жоғары консультативтік орган. Оның құрамында Қазақстандағы этностық, өңірлік, әлеуметтік және қоғамдық-саяси әралуандық кеңінен қамтылады. Шын мәнінде, бұл – бірегей орган», – деді Тоқаев жұма күні Астанада Құрылтайдың алғашқы сессиясының ашылуында.

Мемлекет басшысы Халық кеңесінің Конституцияға сәйкес заң шығару бастамасын көтеруге құқығы барын еске салды.

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін бұрынғы Қазақстан халқы Ассамблеясының орнына жаңа жоғары консультативтік орган – Халық кеңесі құрылатын болды. Оның құрамына елдегі түрлі этнос өкілдері енеді. Кеңес 126 мүшеден тұрады: 42 адам этномәдени бірлестіктерден, 42 адам ірі қоғамдық бірлестіктерден, тағы 42 адам мәслихаттар мен өңірлік қоғамдық кеңестерден ұсынылады.

Халық кеңесінің барлық мүшесін Президент тағайындайды, ал төрағаны кеңес мүшелері өз арасынан сайлайды.

15 наурызда өткен референдумда қабылданған Қазақстанның жаңа Конституциясы 2026 жылы 1 шілдеде күшіне енді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақ қоғамында ажырасу неге көбейді?

«Үйлену оңай, үй болу қиын» деген сөздің мәні бүгін бұрынғыдан да терең сезіледі. Соңғы жылдары Қазақстанда ажырасу қоғамдық мәселе ретінде жиі айтылып жүр. Бұл тек екі адамның жеке таңдауы емес, баланың тағдырына, демографияға, әлеуметтік тұрақтылыққа әсер ететін мәселе. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2025 жылы Қазақстанда 115,9 мың неке тіркеліп, 45,7 мың ажырасу рәсімделген. 2024 жылы 123,6 мың неке және 40,5 мың ажырасу болған. Бір жылда тіркелген ажырасулар саны шамамен 5,2 мыңға өскен. Ең назар аударарлығы – ажырасулардың 35 пайызы некенің алғашқы 1-4 жылында болған. Тағы 24 пайызы 5-9 жыл бірге тұрған отбасыларға тиесілі. Бұл «неге жас отбасылардың шаңырағы шайқалады?» деген сұрақты алға шығарады.

Еурокомиссия қыркүйек соңында ЕО-ны кеңейту тәртібін реформалау жөніндегі ұсыныстарын таныстырады

Еуропалық комиссия (ЕК) қыркүйектің соңында Еуроодаққа жаңа мемлекеттерді қабылдау тәртібін өзгертуге бағытталған бірқатар ұсынысын ЕО-ға мүше елдерге жолдайды, деп хабарлады жұма күні Bloomberg.

Азия-Тынық мұхиты аймағындағы қор нарықтары аптаны әртүрлі нәтижемен аяқтады

Жұма күнгі сауда қорытындысында Азия-Тынық мұхиты аймағы (АТА) елдерінің қор нарықтарында ортақ бағыт байқалмады.

Норвегияның жаңа королі Хокон VIII есімін таңдады

Жұма күні таңертең қайтыс болған Норвегия королі Харальд V-тің ұлы таққа отырып, Хокон VIII есімімен ел басқарады. Бұл туралы Норвегия король сарайына сілтеме жасаған батыс БАҚ-тары хабарлады.