Евразия24ЖаңалықтарТоқаев: ШЫҰ әскери-саяси блоктар қағидатымен әрекет етпейді және ешбір мемлекетке қарсы бағытталмаған

Тоқаев: ШЫҰ әскери-саяси блоктар қағидатымен әрекет етпейді және ешбір мемлекетке қарсы бағытталмаған

|

|

АСТАНА. 1 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН — Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) қызметі әскери-саяси блоктарға тән ұстанымдарға негізделмейтінін және ешбір мемлекетке қарсы бағытталмағанын мәлімдеді.

«ШЫҰ әскери-саяси блоктар қағидатымен әрекет етпейді және ешбір мемлекетке қарсы бағытталмаған. Ұйымның негізінде мүлде басқа саяси философия — өркендеу жолында бірлесе әрекет ету идеясын арқау еткен «Шанхай рухы» жатыр. Біздің басты мақсатымыз — қуатты әрі өркендеген ШЫҰ қауымдастығын қалыптастыру», — деді Тоқаев сейсенбі күні Бішкекте өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында.

Мемлекет басшысы ширек ғасыр ішінде Шанхай ынтымақтастық ұйымы «Шанхай бестігінен» Еуразияның басым бөлігін қамтитын әрі адамзаттың жартысына жуығын біріктірген ірі халықаралық ұйымға дейінгі жолдан өткенін атап өтті.

«ШЫҰ — болмысы әртүрлі болғанымен, мұраты ортақ мемлекеттердің бірегей бірлестігі. Ұйым өз қызметінде ішкі іске араласпау, егемендікті құрметтеу, өзара сенім, ашықтық пен ынтымақтастық қағидаттарын басшылыққа алады. Бүгінде ол табысты жұмыс істеп отырған, ықпалды әрі қажетті халықаралық құрылымға айналды», — деді Президент.

Тоқаевтың айтуынша, ШЫҰ құрылған кезеңнен бері әлем айтарлықтай өзгерді. Мүше мемлекеттер халықаралық қатынастардың жаңа жүйесі қалыптасып жатқан кезеңге куә болып отыр.

«Бірігу үдерісінің орнын бөлшектену, ынтымақтастыққа ұмтылыстың орнын геосаяси бәсеке басып келеді. Мүдделер тепе-теңдігін іздеудің орнына мемлекеттер арасындағы алшақтық тереңдей түсті. Өзара сенім де әлсіреп барады. Ал сенім болмаса, ең жетілген халықаралық институттардың өзі туындайтын сын-қатерлерге тиімді жауап беру қабілетін біртіндеп жоғалтады. Осындай жағдайда біздің Ұйымның табиғаты айрықша мәнге ие», — деді Мемлекет басшысы.

Сөз барысында Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровқа және қырғыз халқына дәстүрлі қонақжайлығы мен іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді.

«Кездесуіміз бізге жақын екі мемлекеттің тарихи даталары — Қырғызстан мен Өзбекстан тәуелсіздігінің 35 жылдығы аталып өтіп жатқан күндерге тұспа-тұс келуінің символдық мәні бар. Осы мүмкіндікті пайдаланып, қадірлі әріптестерім Садыр Нургожоевич Жапаров пен Шавкат Миромонович Мирзиёевті осы тарихи маңызы зор оқиғалармен құттықтаймын. Бауырлас халықтарға амандық пен одан әрі өркендеу тілеймін», — деді Қазақстан Президенті.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

PwC: 2050 жылға дейін әлемде дата-орталықтарға жұмсалатын шығын $31,6 трлн-ға жетеді

Жасанды интеллект (ЖИ) саласындағы әзірлемелерге сұраныстың артуына байланысты 2050 жылды қоса алғандағы кезеңде әлем бойынша деректерді өңдеу орталықтарына (ДӨО) жұмсалатын шығын $31,6 трлн-ға жетеді. Мұндай болжамды PricewaterhouseCoopers (PwC) ұсынып отыр.

АҚШ қор индекстерінің фьючерстері сәрсенбіде айтарлықтай өзгерген жоқ

Сәрсенбі күнгі саудада АҚШ қор индекстерінің фьючерстері аз ғана өзгеріп, әр бағытта қозғалып жатыр.

Жапония премьері өзін-өзі қорғау күштеріне дрондар мен жасанды интеллект технологияларын жедел енгізуге шақырды

Жапония премьер-министрі Санаэ Такаити сәрсенбі күні Өзін-өзі қорғау күштерінің қолбасшыларымен кездесуде әскерге ұшқышсыз технологиялар мен жасанды интеллектіні жоспарланған мерзімнен ертерек енгізу қажеттігін мәлімдеді.

АҚШ Энергетика министрі Венесуэлада мұнай өндіруді 50%-ға арттыруға болады деп есептейді

АҚШ Энергетика министрі Крис Райт 2026 жылғы қаңтарда айтқан болжамынан айнымағанын мәлімдеді. Оның пікірінше, Венесуэлада мұнай өндіру көлемін бір-бір жарым жылдың ішінде 50%-ға арттыруға мүмкіндік бар.