Евразия24ЖаңалықтарPwC: 2050 жылға дейін әлемде дата-орталықтарға жұмсалатын шығын $31,6 трлн-ға жетеді

PwC: 2050 жылға дейін әлемде дата-орталықтарға жұмсалатын шығын $31,6 трлн-ға жетеді

|

|

МӘСКЕУ. 2 қыркүйек. ИНТЕРФАКС — Жасанды интеллект (ЖИ) саласындағы әзірлемелерге сұраныстың артуына байланысты 2050 жылды қоса алғандағы кезеңде әлем бойынша деректерді өңдеу орталықтарына (ДӨО) жұмсалатын шығын $31,6 трлн-ға жетеді. Мұндай болжамды PricewaterhouseCoopers (PwC) ұсынып отыр.

PwC сарапшылары ЖИ саласындағы қазіргі инвестициялық серпін бұрын-соңды болмаған ауқымға жеткенін атап өтті. Дата-орталықтарға салынатын қаражат көлемі теміржол құрылысына, интернетті дамытуға және электрлендіруге бағытталған инвестициялардан да асып түсуі мүмкін. PwC-дің Global Data Center Outlook шолуында ЖИ технологиялары базалық сценарийде болжанғаннан жылдам енгізілсе, 2050 жылға қарай дата-орталықтарға жұмсалатын жаһандық шығын $50 трлн-ға дейін жетуі ықтимал екені айтылған.

ЖИ-ді тұтынушылар, компаниялар мен мемлекеттік құрылымдар кеңінен қолдана бастаған тұста Microsoft Corp. (SPB: MSFT) және Amazon.com Inc. (SPB: AMZN) секілді технологиялық алпауыттармен қатар, ЖИ инфрақұрылымы саласындағы шағын компаниялар да әлемнің түрлі елдерінде жаңа дата-орталықтарды қарқынды салып жатыр. Шығындардың басым бөлігі ДӨО-ларды жабдықтауға, соның ішінде Nvidia компаниясының ЖИ чиптерін сатып алуға жұмсалады деп күтілуде.

Сонымен бірге дата-орталықтар құрылысына қарсы тараптар олардың қоршаған ортаға әсеріне, ресурстарды көп мөлшерде тұтынуына, сондай-ақ ЖИ дамуының қоғам мен еңбек нарығына ықтимал салдарына алаңдаушылық білдіруде. Бұл жағдай тиісті инфрақұрылымның даму қарқынын бәсеңдетуі мүмкін.

Data Center Watch зерттеу тобының мәліметінше, биылғы жылдың алғашқы үш айының өзінде жергілікті тұрғындардың қарсылығына байланысты жалпы құны $130 млрд болатын кемінде 75 дата-орталық жобасы тоқтатылған немесе кейінге қалдырылған.

PwC бағалауынша, болжанып отырған шығындардың жартысына жуығы — шамамен $15,1 трлн — АҚШ-тың үлесіне тиеді. Азия-Тынық мұхиты өңірінде бұл көрсеткіш $8,2 трлн, Еуропада $5,6 трлн, Таяу Шығыста $1,1 трлн, Африкада $255 млрд болады.

Шығындар ғасырдың ортасына дейін өсе береді. Өйткені графикалық процессорлар, серверлер, деректерді сақтау жүйелері, желілік жабдықтар және басқа да компоненттерді тұрақты түрде жаңартып отыру қажет. Сондықтан инвестицияның негізгі бөлігі жер телімдері мен құрылысқа емес, есептеу қуатын қамтамасыз ететін чиптерді ұдайы жаңартуға бағытталады.

PwC болжамынша, дата-орталықтарға жұмсалатын жылдық шығын 2026 жылғы $800 млрд-тан 2030 жылы $1,1 трлн-ға, ал 2050 жылға қарай $1,8 трлн-ға дейін өседі.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Атом энергиясы агенттігінің төрағасымен АЭС құрылысы мен саланы дамыту мәселелерін талқылады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдап, атом саласын дамыту мәселелерін талқылады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Францияда 24 қазандағы наразылық кезінде қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

Францияның ішкі істер жөніндегі министр-делегаты Жан-Дидье Берже 24 қазанда өтетін наразылық акциялары кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауға өткен аптадағы тәртіпсіздіктермен салыстырғанда көбірек полиция қызметкері жұмылдырылатынын мәлімдеді. Бұл туралы бейсенбі күні BFMTV телеарнасы хабарлады.

Франция Макронның президенттік өкілеттігі аяқталғаннан кейінгі кеңселеріне 2,3 млн еуро бөлмек

Францияның бюджет туралы заң жобасында елдің қазіргі президенті Эмманюэль Макронның қызметтен кеткеннен кейін пайдаланатын кеңселеріне 2,3 млн еуро бөлу қарастырылған. Бұл туралы бейсенбі күні Politico басылымы хабарлады.

Макрон Франциядағы тәртіпсіздіктердің мақсаты республикалық билікті құлату деп санайды

Франция президенті Эмманюэль Макрон бейсенбі күні премьер-министр Себастьен Лекорню мен арнайы қызмет өкілдерінің қатысуымен қауіпсіздік мәселелеріне арналған кеңес өткізді. Бұл туралы Le Figaro басылымы хабарлады.