Евразия24UncategorizedБірін-бірі құтқармақ болып қаза тапты

Бірін-бірі құтқармақ болып қаза тапты

|

|

Арнайы комиссия кәріз құдығында қаза тапқан алты адамның өліміне қатысты тергеуді аяқтады.

«Павлодар облысында «Aqtogai Milk» ЖШС-де болған топтық жазатайым оқиғаны арнайы тергеу аяқталды. Оқиға салдарынан алты жұмысшы қаза тапқан. Тергеу барысында жұмысшылардың бірі кәріз құдығында жұмыс істеп жатқан кезде күкіртсутектің әсеріне ұшырағаны анықталды. Оған көмек көрсетуге ұмтылған өзге жұмысшылар құдыққа кезек-кезек түсіп, әріптестерін құтқаруға тырысқан», — деп хабарлады ҚазТАГ Павлодар облысы еңбек басқармасының басшысы Асқар Қапановқа сілтеме жасап.

Тергеу нәтижесінде, алты жұмысшы да бір-біріне көмектесуге әрекеттенген кезде күкіртсутектен уланып, қаза тапқан. Сондай-ақ олардың қауіптілігі жоғары жұмыстарды қауіпсіз орындау тәсілдеріне тиісті деңгейде үйретілмегені және қажетті жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілмегені анықталды. Біздіңше, қайғылы жағдайдың негізгі себебін осыдан іздеген жөн.

Бұған қоса, үкіметтік комиссия жұмысының қорытындысы бойынша жұмыс беруші — «Aqtogai Milk» ЖШС-нің кінәсі 100% деп белгіленді.

Енді құзырлы органдар жазатайым оқиғаның себептері мен мән-жайын толық анықтады. Жауапты лауазымды тұлғалар да белгілі. Осыдан үш апта бұрын іс бойынша үш күдіктінің ұсталғаны хабарланған еді.

Олардың арасында «Aqtogai Milk» ЖШС-нің бас директоры, Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Александр Терентьев те болуы мүмкін. БАҚ 11 тамызда оның ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлаған.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер әзірге жарияланбай отыр.

Арнайы үкіметтік комиссия жұмысын аяқтағаннан кейін Еңбек министрлігі Қазақстандағы жұмыс берушілерді «қауіптілігі жоғары жұмыстарды, соның ішінде құдықтарда, резервуарларда, сыйымдылықтарда және басқа да тұйық кеңістіктерде атқарылатын жұмыстарды ұйымдастыруға ерекше назар аударуға» шақырды.

Әрине, бұл алты адамның, оның ішінде 17 жастағы мектеп оқушысының өмірін қайтара алмайды. Алайда қылмыстық іс жан-жақты әрі объективті тергеліп, сот әділ шешім шығарса, бұл жағдай бизнес өкілдеріне ащы сабақ болуы мүмкін. Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігіне немқұрайды қарау орны толмас зардапқа әкелуі мүмкін.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Атом энергиясы агенттігінің төрағасымен АЭС құрылысы мен саланы дамыту мәселелерін талқылады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдап, атом саласын дамыту мәселелерін талқылады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Францияда 24 қазандағы наразылық кезінде қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

Францияның ішкі істер жөніндегі министр-делегаты Жан-Дидье Берже 24 қазанда өтетін наразылық акциялары кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауға өткен аптадағы тәртіпсіздіктермен салыстырғанда көбірек полиция қызметкері жұмылдырылатынын мәлімдеді. Бұл туралы бейсенбі күні BFMTV телеарнасы хабарлады.

Франция Макронның президенттік өкілеттігі аяқталғаннан кейінгі кеңселеріне 2,3 млн еуро бөлмек

Францияның бюджет туралы заң жобасында елдің қазіргі президенті Эмманюэль Макронның қызметтен кеткеннен кейін пайдаланатын кеңселеріне 2,3 млн еуро бөлу қарастырылған. Бұл туралы бейсенбі күні Politico басылымы хабарлады.

Макрон Франциядағы тәртіпсіздіктердің мақсаты республикалық билікті құлату деп санайды

Франция президенті Эмманюэль Макрон бейсенбі күні премьер-министр Себастьен Лекорню мен арнайы қызмет өкілдерінің қатысуымен қауіпсіздік мәселелеріне арналған кеңес өткізді. Бұл туралы Le Figaro басылымы хабарлады.