Вашингтон. 20 қыркүйек. «ИНТЕРФАКС» — Вашингтонда салынуы жоспарланып отырған салтанатты аркада әскери мақсаттағы жабдықтар орнатылады, деп мәлімдеді жексенбі күні АҚШ Президенті Дональд Трамп.
Мемлекет басшысының айтуынша, бұл шешім ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында АҚШ Қарулы Күштерінің қатаң өтініші бойынша қабылданды.
АҚШ астанасында бұл нысанды тұрғызу жоспарлары Азамат соғысы заманнан бері болған. Бастапқыда Трамп Арлингтон көпірінің Абрахам Линкольн мемориалына қарама-қарсы бетінде әлемдегі ең үлкен салтанатты арканың құрылысын жариялаған еді.
Енді бұл нысан бірінші дәрежелі әскери базаға айналдырылады. Кешен көп мөлшердегі ұшқышсыз ұшу аппараттарын (дрондарды) орналастыруға, сақтауға және жедел қолдануға толықтай бейімделеді. Кешеннің шатырында снайперлік позициялар жасақтау жоспарлануда.
Бұған дейін «Курсив» басылымы Трамптың Иранмен қақтығысты шешу бойынша маңызды шешімді жақын арада жариялайтынын мәлімдегені туралы жазған болатын.




