Евразия24ЖаңалықтарMcLaren Ұлыбританиядағы өндірісін кеңейтуге 500 млн фунт инвестиция салып, тұңғыш SUV моделін...

McLaren Ұлыбританиядағы өндірісін кеңейтуге 500 млн фунт инвестиция салып, тұңғыш SUV моделін шығарады

|

|

Мәскеу. 21 қыркүйек. ИНТЕРФАКС – Британдық спорттық автокөлік өндіруші McLaren Automotive Ұлыбританиядағы өндірісін ұлғайтып, жаңа модельдер шығаруға 500 млн фунт стерлинг ($675 млн) жұмсамақ. Компания сондай-ақ өз тарихында алғаш рет жол талғамайтын көлік шығаруды жоспарлап отыр.

McLaren мәліметінше, осы қаржыға жаңа көлік құрастыру зауыты салынып, трансмиссиялар мен қозғалтқыштарды компанияның өзінде әзірлеп, шығару жолға қойылады. Жоспар орындалса, 2032 жылға дейін Ұлыбританияда мың жаңа жұмыс орны ашылады.

Компанияның Ұлыбританиядағы өндіріс орындарында еңбек ететін қызметкерлер саны екі есе көбеймек. Сонымен бірге болашақ мамандарды даярлауға арналған жаңа кәсіптік оқыту бағдарламаларына басымдық беріледі, делінген хабарламада.

«Бұл инвестиция компанияның одан әрі өсіп, дамуына және бізді өзгелерден даралайтын артықшылықтарды күшейтуге жол ашады. Біз алдағы ондаған жыл бойы бәсекеге қабілетті болуымызға мүмкіндік беретін мамандарға, технологиялар мен жаңа өнімдерге қаржы саламыз», – деді McLaren-нің бас атқарушы директоры Ник Коллинз.

Қажетті қаржыны McLaren-нің иесі – Абу-Дабидің L’imad мемлекеттік қоры бөледі. Қор биыл жыл басында компанияға алдағы бес жыл ішінде 1,5 млрд фунт салатынын мәлімдеген болатын.

Жол талғамайтын көлік шығару премиум санаттағы автокөлік өндірушілер үшін табысты бағытқа айналған. Bentley-де ең көп сатылатын модель – Bentayga кроссовері. Lamborghini-дің Urus моделі де 2018 жылы сатылымға шыққаннан бері компанияның сауда көрсеткіштерін айтарлықтай арттырды. Ал Ferrari құны шамамен 450 мың еуро тұратын Purosangue кроссоверінің сирек әрі айрықша модель ретіндегі мәртебесін сақтау үшін оны шектеулі көлемде шығарып отыр, деп атап өтеді агенттік.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Иран Ресеймен бірлескен жобалар АҚШ қысымына төтеп беруге көмектеседі деп есептейді

Иран мен Ресейдің бірлескен жобалары Тегеранға халықаралық қысымға, әсіресе АҚШ тарапынан жасалатын қысымға қарсы тұруға мүмкіндік береді. Бұл туралы жұма күні Иранның Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары Әли Багери мәлімдеді.

Германия KNDS қорғаныс компаниясының 50% үлесін шамамен 6,5 млрд еуроға сатып алмақ

Германия француз-герман KNDS қорғаныс компаниясының жартысын шамамен 6,5 млрд еуроға сатып алмақ. Бұл туралы Bloomberg агенттігі дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.

ЕО көшбасшылары Дублиндегі саммитте Украина бойынша келіссөздерге Еуроодақ атынан кім қатысатынын талқылайды – БАҚ

Еуроодақ елдерінің мемлекет және үкімет басшылары 13 қарашада Дублинде өтетін бейресми саммитте Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу жөніндегі келіссөздерде Еуропаның атынан кім өкілдік етуге тиіс екенін талқылайды. Бұл туралы жұма күні Politico басылымы жазды.

Жұма күні Еуропаның қор нарықтарында индекстер төмендеп жатыр

Жұма күні Батыс Еуропа елдерінің қор индекстері төмендеп жатыр. Инвесторлар жарияланған статистикалық деректер мен компаниялардың қаржылық есептерін саралауда.