Евразия24ЖаңалықтарЭфиопия үкіметінің күштері Тыграй өңірінің әкімшілік орталығындағы әуежайға бақылауды қайтарды

Эфиопия үкіметінің күштері Тыграй өңірінің әкімшілік орталығындағы әуежайға бақылауды қайтарды

|

|

Брюссель. 3 қазан. ИНТЕРФАКС – Эфиопияның үкіметті қолдайтын күштері Тыграй өңірінің әкімшілік орталығы Мэкэле қаласының маңындағы негізгі әуежайға бақылауды қалпына келтіргенін мәлімдеді. Бұған дейін өңірде федералдық әскер мен жергілікті жасақтар арасында қайтадан қақтығыстар басталған болатын.

«Біз Алула Аба Нэга әуежайын толық бақылауымызға алдық. Қазіргі уақытта Мэкэле қаласында тазарту операциясын жүргізіп жатырмыз», – делінген «Тыграй бейбітшілік күштері» тобының мәлімдемесінде.

Мәлімдемеде Аддис-Абебамен текетіреске барған Тыграй халықтарын азат ету майданының (ТХАЖМ) басшылары Эритреяға қарай қашып кеткені де айтылған.

Қыркүйек айында 1991 жылдан 2018 жылға дейін Эфиопияны басқарған, кейін премьер-министр Абий Ахмед Али биліктен шеттеткен Тыграй халықтарын азат ету майданы (ТХАЖМ) тағы алты топпен бірге Аддис-Абебадағы үкіметті құлатуды көздейтін «Эфиопия халықтарының өмір сүруі үшін күресетін күштер альянсын» құрды. 23 қыркүйекте ТХАЖМ жасақтары жергілікті топтардың қолдауымен Афар және Амхара өңірлерін қоса алғанда, бірнеше бағытта шабуылға шығып, Мэкэле маңындағы әуежайды қоса алғанда, үш әуежайды басып алды.

Алайда осы аптада федералдық әскерлер қарсы шабуылға шығып, Мэкэле қаласына үш бағыттан жақындап келеді.

Сонымен қатар Аддис-Абеба Мысырды, Эритреяны және Суданды ТХАЖМ бастаған оппозициялық қарулы топтар альянсына қолдау көрсетіп отыр деп айыптады. Өз кезегінде, батыстық БАҚ-тың хабарлауынша, Эритреяда теңізге шығатын жолы жоқ Эфиопияның теңіз жолдарына қол жеткізу үшін басып кіруінен қауіптенген.

Нәтижесінде Аддис-Абеба Эритреядағы елшілігін жабу туралы шешім қабылдап, Эритреяның 10 дипломатын persona non grata – қалаусыз тұлға деп жариялады. Бұдан кейін Эритрея билігі Эфиопиямен барлық дипломатиялық қатынастарды үзу туралы шешім қабылдады.

Эфиопия мен Мысыр да бір-бірінің жоғары лауазымды дипломаттарын елден шығарды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Польша FA-50 жойғыш ұшақтарын шығыс шекарасына орналастырды

Сеул жеткізген FA-50 Golden Eagle жойғыш ұшақтары Польшаның шығыс шекарасын күзетуге тартылды. Бұл туралы Польша премьер-министрінің орынбасары, Қорғаныс министрі Владислав Косиняк-Камыш мәлімдеді.

Flydubai ұшағын басып алуға әрекет жасау кезінде әуе компаниясының ұшқышы командирге апаттық балтамен шабуыл жасаған – БАӘ прокуроры

Осы аптаның басында Дубайдан Тель-Авивке ұшқан рейс кезінде ұшақты басып алуға әрекет жасаған Flydubai әуе компаниясының екінші ұшқышы әуе кемесінің командиріне апаттық балтамен шабуыл жасаған.

Тоқаев Корея Республикасының Президентін Ұлттық күнмен құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Ұлттық күніне орай Президент Ли Чжэ Мёнға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.

Камера үшін емес, адам үшін: жолдағы тәртіп күшейеді

Бүгінде республика бойынша Жамбыл облысы мен Тараз қаласы көлік жүргізушілерінің жаяу жүргіншілерді елемейтіндігіне қатысты азаматтар тарапынан шағымдар жиі айтылып жүргені жасырын емес. Енді бұл бассыздыққа шектеу қойылмақ! Өйткені Жамбыл облысының кей өңірлері мен Тараз қаласында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында маңызды цифровизациялық қадам жасалды: өңірдегі Sergek аппараттық-бағдарламалық кешендері жаяу жүргіншіге жол бермеу деректерін автоматты түрде тіркеу функциясын іске қосты.