Евразия24ЖаңалықтарХВҚ әлем экономикасына төнетін негізгі тәуекелдерді атады

ХВҚ әлем экономикасына төнетін негізгі тәуекелдерді атады

|

|

Мәскеу. 7 қазан. ИНТЕРФАКС – Энергия ресурстары бағасының жоғары деңгейде сақталуы, мемлекеттік қарыздың рекордтық көлемге жетуі және жасанды интеллект саласына инвестицияның күрт артуы әлем экономикасына қосымша тәуекел туғызып отыр. Бұл туралы Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) басқарушы директоры Кристалина Георгиева мәлімдеді.

Сәрсенбі күні Сингапурда өткен жиында сөйлеген Георгиева әлем экономикасына қазір бір-біріне қарама-қарсы екі үрдіс әсер етіп отырғанын айтты. Бір жағынан, энергия ресурстары ұсынысының қысқаруы экономикалық белсенділікке қысым түсірсе, екінші жағынан, жасанды интеллекттің қарқынды дамуы сұраныс пен инвестицияны арттырып отыр. Оның айтуынша, бұл үрдістердің ықпалы әр елде әрқалай байқалады.

«Келесі аптада жарияланатын Дүниежүзілік экономиканың даму перспективалары жөніндегі кезекті шолуымызда көрсетілгендей, биыл соғыс жүріп жатқан елдердегі экономикалық өсім көбірек баяулайды», – деді Георгиева. Ол Украина мен Парсы шығанағы өңірін атап өтті.

Экономикалық өсімнің баяулауы энергия ресурстарын сырттан сатып алуға тәуелді, сондай-ақ мұндай сыртқы әсерлерді бюджет және ақша-несие саясаты арқылы жұмсарту мүмкіндігі шектеулі бірқатар елдерде де байқалады.

Сонымен қатар кейбір мемлекеттерде жасанды интеллект экономикалық белсенділікті арттыруы мүмкін. Георгиеваның айтуынша, ЖИ елдердің әлемдік экономикадағы орнын айқындайтын маңызды факторлардың біріне айналып келеді.

«Жасанды интеллектке салынатын әлемдік инвестицияның ЖІӨ-дегі үлесі теміржол, электр желілері немесе телекоммуникациялық инфрақұрылым салуға жұмсалған инвестиция көлеміне жетіп, одан да асуы мүмкін. Біздің бағалауымызша, ЖИ-ге арналған жабдықтар мен оған қатысты технологиялық өнімдердің үлесіне қазірдің өзінде әлемдік тауар саудасының оннан бір бөлігінен астамы тиесілі. Бұл көрсеткіш одан әрі өсіп келеді», – деді ол.

Георгиева жасанды интеллект саласындағы сұраныстың артуы, әсіресе АҚШ, Қытай және Үндістанда инвестициялық белсенділікті қолдап отырғанын атап өтті.

Оның айтуынша, энергия нарығындағы өзгерістердің әлем экономикасына әсері әзірге шектеулі болғанымен, мұнай бағасы барреліне 100 долларға жуық деңгейде қалып отыр.

«Энергия ресурстарының жоғары бағасы инфляцияның өсуіне, пайыздық мөлшерлемелер мен мемлекеттік облигациялар кірістілігінің жоғарылауына ықпал етеді», – деді ХВҚ басшысы.

Бұл өз кезегінде бюджет тапшылығының ұлғаюына, мемлекеттік қарыздың өсуіне және оған қызмет көрсету шығындарының артуына әкеледі.

ХВҚ шілдеде әлем экономикасы 2026 жылы 3%-ға, 2027 жылы 3,4%-ға өседі деп болжаған. Георгиева сәрсенбі күнгі сөзінде бұл болжамдардың қайта қаралатыны жөнінде мәлімет берген жоқ.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Korea Development Bank шетелдегі бөлімшелерін оңтайландыру аясында Өзбекстандағы еншілес банкін сатуы мүмкін

Оңтүстік Кореяның мемлекеттік Korea Development Bank (KDB) банкі шетелдегі активтерін қайта қарау аясында Өзбекстандағы еншілес банкі – UzDaewoo Bank-ті сату мүмкіндігін қарастырып жатыр.

HSBC Ұлыбританияда жасанды интеллект енгізілуіне байланысты қызметкерлер санын едәуір қысқартпақ

HSBC Holdings Plc ауқатты клиенттерге қызмет көрсету саласына жасанды интеллект технологияларын енгізу аясында Ұлыбританиядағы жеке капиталды басқару бөлімінде ауқымды қысқарту жүргізуді жоспарлап отыр.

Қазақстан дрон қаупіне қарсы қорғаныс жүйесін күшейтіп жатыр

Қазақстанда отын-энергетика кешені нысандарын ұшқышсыз ұшу аппараттарынан қорғауды күшейту жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді. Министрдің айтуынша, нысандарды физикалық қорғау шаралары ұшқышсыз аппараттарды анықтау және олардың жұмысын тоқтатуды да қамтиды

Каспийдегі әскери қызметшілердің қазасына қатысты тағы бір күдікті ұсталды

Бұған дейін жазғанымыздай  тергеу 24 қыркүйекте оқу-жаттығу кезінде болған қайғылы оқиғаға қатысы бар адамдарды анықтауды жалғастырып жатыр.