Евразия24ЖаңалықтарӘлеуметтік қолдау жүйесін реформалау Қазақстанға үш жылда 2,5 трлн теңгеге жуық қаржы...

Әлеуметтік қолдау жүйесін реформалау Қазақстанға үш жылда 2,5 трлн теңгеге жуық қаржы үнемдеуге мүмкіндік береді – Премьер-министр

|

|

Астана. 14 қазан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан әлеуметтік қолдау жүйесін реформалап, мемлекеттік көмекті азаматтардың мұқтаждық деңгейіне қарай көрсетуге көшу арқылы 2027 жылы шамамен 700 млрд теңге, ал үш жылда 2,5 трлн теңгеге жуық қаржы үнемдеуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді.

«Бұл мемлекеттік бюджеттен қомақты қаражат үнемдеп, оны маңыздырақ мақсаттарға бағыттауға мүмкіндік береді. Тек 2027 жылдың өзінде 700 миллиард теңге, ал үш жылда 2,5 триллион теңгеге жуық қаржы үнемделеді», – деді Бектенов сәрсенбі күні Құрылтай отырысында.

Үкімет басшысы елімізде әлеуметтік көмекті азаматтардың нақты мұқтаждығына қарай көрсету мақсатында әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі реформаланып жатқанын еске салды.

«Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл қағидат толық күшіне енеді. Қазір халық арасында ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мысалы, бүгінде көпбалалы отбасы ауқатты болсын, тұрмысы төмен болсын, мемлекеттен бірдей көмек алады. Біздіңше, бұл әділетсіз», – деді Бектенов.

Премьер-министрдің пікірінше, өзін толық қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар ауқатты азаматтар мемлекеттік көмекке сүйенбей, өз қаражатына өмір сүруі тиіс.

«Мемлекет өмірлік жағдайына байланысты өзін қамтамасыз ете алмайтын азаматтарға ғана қолдау көрсетуі керек және көрсетеді. Алайда мұндай көмекті адам тұрақты табыс көзі ретінде қабылдамауы тиіс. Мемлекеттік қолдау оның өз мүмкіндігін тауып, табыс табуына және уақыт өте келе мұқтаж азаматтар қатарынан шығуына ықпал етуі қажет. Біздің ұстанымымыз осындай», – деді Үкімет басшысы.

Бұған дейін Олжас Бектенов 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындаудың жаңа шарттарын енгізуді көздейтін қаулыға қол қойған болатын.

Өзгерістер мемлекеттік жәрдемақының 10 түрін қамтиды. Олардың қатарында бала туған кезде берілетін біржолғы төлем, бала күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақы, көпбалалы отбасылар мен көпбалалы аналарға төленетін жәрдемақылар, мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты берілетін жәрдемақылар бар.

Сондай-ақ өзгерістер бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын азаматтарға, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған қамқоршыларға төленетін жәрдемақыларға, арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыға және жерлеуге берілетін біржолғы төлемге қатысты болады.

Құжаттағы басты жаңалықтардың бірі – келесі жылдан бастап жәрдемақылар отбасының немесе азаматтың әлеуметтік әл-ауқат деңгейін бағалау нәтижесіне қарай тағайындалады.

Әлеуметтік әл-ауқаты жоғары (А) және ауқатты (В) санаттарына жатқызылған азаматтар жоғарыда аталған мемлекеттік жәрдемақыларды ала алмайды.

Қазақстанда 2023 жылы отбасының немесе жеке адамның әлеуметтік әл-ауқатын анықтау әдістемесі енгізілген. Оған сәйкес азаматтар бес санатқа бөлінеді: әл-ауқаты жақсы (А), қанағаттанарлық (В), қанағаттанарлықсыз (С), дағдарысты (D) және шұғыл көмек қажет ететін (Е).

Әлеуметтік әл-ауқат деңгейі бірнеше көрсеткіш бойынша жиналған ұпайлардың негізінде есептеледі. Атап айтқанда, азаматтардың табысы мен кредиттік міндеттемелері, жұмыспен қамтылуы, мүлкі, әлеуметтік қорғалуы, денсаулық жағдайы, білімі, тұрғын үй жағдайы мен инфрақұрылымға қолжетімділігі, сондай-ақ ауыл шаруашылығына қатысты көрсеткіштер ескеріледі.

14 қазандағы ресми валюта бағамы – 1 АҚШ доллары үшін 448,45 теңге.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан Премьер-министрі жол саласын реформалау жөніндегі ұсыныстарды 1 желтоқсанға дейін әзірлеуді тапсырды

Астана. 14 қазан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов...

Қазақстанда ипотека алу жеңілдеуі мүмкін

Қазақстанда тұрғын үй бағдарламалары бойынша бастапқы жарна мөлшері төмендеуі мүмкін. Премьер-министр Олжас Бектенов осы бағытта тиісті тапсырма берді. Үкімет басшысы құрылыс саласындағы басты міндеттердің бірі жоспарланған 20,4 млн шаршы метр тұрғын үйді толық аяқтап, пайдалануға беру екенін атап өтті.

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу тәртібі жеңілдетілмек

ҚР Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, ведомство көлік құралдарын тіркеу және оларды басқару құқығын алу үшін емтихан тапсыру қағидаларына өзгерістер әзірледі. «Біздің мақсатымыз – мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін жеңілдетіп, оған кететін уақытты қысқарту. Осыған байланысты артық рәсімдер алынып тасталады.

Борышкерлердің құқығын қорғау: Қазақстан коллекторларға қойылатын талаптарды тағы да қатаңдатпақ

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) коллекторлық агенттіктердің қызметіне жаңа шектеулер енгізуді жоспарлап отыр. Бұған қарыз алушылардан толассыз түсіп жатқан шағымдар себеп болған (https://bes.media/news/arrfr-gotovit-novye-ogranicheniya-dlya-kollektorov-posle-zhalob-dolzhnikov/ ). Тұтынушылық кредиттер бойынша берешекті коллекторларға сатуға енгізілген мораторийдің 2027 жылғы 1 мамырға дейін ұзартылуы да мәселені шешпеген сыңайлы. Азаматтар коллекторлардың белгіленген уақыттан тыс хабарласатынына, рұқсат етілген байланыс санынан асып кететініне, сондай-ақ жұмыс берушілер мен таныстары арқылы психологиялық қысым көрсететініне шағымдануда. Заң талаптарын бұзған агенттіктер тексеріледі. Ал өрескел немесе жүйелі заңбұзушылықтарға жол бергендері арнайы тізілімнен шығарылуы мүмкін. Ендеше, коллекторларға қойылатын талаптардың кезекті рет қатаңдатылуы борышкерлердің жағдайына қалай әсер ететінін қарастырайық.