Евразия24Не болдыАлматыдағы РФММ оқушыларының жаппай сырқаттануына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Алматыдағы РФММ оқушыларының жаппай сырқаттануына байланысты қылмыстық іс қозғалды

|

|

14 қазанда алдымен әлеуметтік желілерде, кейін ресми бұқаралық ақпарат құралдарында Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің оқушылары жаппай ауруханаға түскені туралы ақпарат тарады. Артынша бұл жағдайды Денсаулық сақтау министрлігі де растады. Жедел ішек инфекциясына күдікпен 48 бала ауруханаға жатқызылып, дәрігерлердің бақылауына алынды. Тағы бірнеше оқушы сақтық шарасы ретінде мектеп интернатында оқшауланды.

Оқиғадан кейін Денсаулық сақтау министрлігі «Master Food» ЖШС-нің ас блогына тексеру жүргізіп, азық-түлікті сақтау, дайын тағамдардан тәуліктік сынама алу және тамақтандыруды ұйымдастыру талаптарының бұзылғанын анықтады.

«Инфекцияның қайдан тарағанын анықтау үшін су мен азық-түлік өнімдерінен сынамалар алынды, түрлі беткейлерден сүртінділер жиналды, ас блогының қызметкерлері тексерілді. Зертханалық зерттеулер жалғасып жатыр. Тексеру нәтижесінде бес қаулы шығарылды. Оларға сәйкес, мектеп пен асхананың жұмысы уақытша тоқтатылып, жекелеген тағамдарды сатуға тыйым салынды, уақытша санитариялық шаралар енгізілді. Сондай-ақ қажетті ілеспе құжаттары жоқ сүт өнімдері тәркіленді», – делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, ауруханаға жатқызылған балалардың барлығының жағдайы тұрақты. Ешқайсысы жансақтау бөлімінің көмегіне мұқтаж емес.

Республикалық физика-математика мектебінің ас блогында болған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

ҚазТАГ агенттігінің хабарлауынша, Алматы полициясы аталған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғаған. «Қылмыстық істі Бостандық аудандық полиция басқармасының полиция бөлімі тергеп жатыр. Тергеу барысында барлық мән-жай, соның ішінде санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жүргізген тексерудің нәтижелері зерделенеді. Жиналған деректер негізінде тиісті процестік шешім қабылданады», – деп Алматы полициясы мәлімдеді.

Осы орайда екі жыл бұрын Маңғыстау облысының Бесшоқы ауылындағы мектеп оқушыларының жаппай улану оқиғасы еске түседі. Ол кезде балалар мен мектеп асханасын тексеру барысында ішек бактериялары анықталып, асхананың 12 қызметкерінен стафилококк инфекциясы табылған еді. Санитариялық талаптарды бұзғаны үшін асхана меңгерушісі Дәметкен Шәкенова бір жылға бас бостандығынан айырылды .

Сол оқиғадан кейін Премьер-министрдің тапсырмасымен Маңғыстау облысындағы барлық мектеп асханалары тексерілгені есімізде  2025 жылғы маусымда аяқталған тексеру нәтижесінде 66 мектеп асханасының 65-інен заңбұзушылық анықталды.

Бесшоқыдағы оқушылардың жаппай улануына кінәлі адам сотталғаннан кейін небәрі бір жылдай уақыт салыстырмалы түрде тыныш өтті. Соған қарағанда, бұл оқиға көп ұзамай ұмытылған тәрізді. Енді осындай жағдай Алматыдағы беделді мектептердің бірінде қайталанып отыр.

Мұның өзі балаларды тамақтандыру қызметін көрсететін ұйымдарға жүргізілетін бақылаудың қаншалықты тиімді екеніне күмән туғызады. Әдеттегідей, осы оқиғадан кейін санитариялық-эпидемиологиялық қызмет Алматыдағы барлық мектеп асханаларын жаппай тексеруге кіріседі деп болжаймыз.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан Құрылтайы 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Қазақстанның бір палаталы парламенті – Құрылтай сәрсенбі күні «2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қарап, мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

АҚШ-тағы инфляция туралы есеп қарсаңында доллардың еуроға шаққандағы бағамы тұрақты, фунт пен иенаға қатысты айтарлықтай өзгерген жоқ

Сәрсенбі күні күндіз АҚШ долларының еуроға шаққандағы бағамы тұрақты сақталып, фунт стерлинг пен жапон иенасына қатысты болмашы өзгеріс көрсетті.

Ерлан Қарин Президентке ішкі саясаттың басым бағыттары бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп берді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент Ерлан Қариннің ішкі саясаттың басым бағыттарын іске асыру, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау және бастамаларын жүзеге асыру жөніндегі есебін тыңдады. Бұл туралы дүйсенбі күні Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Польша президенті өз қатысуынсыз Сеймде ант берген Конституциялық сот судьясының өкілеттігін мойындамады

Польша президенті Кароль Навроцкий сәрсенбі күні Марцин Беректің Конституциялық сот судьясы ретінде ант беру рәсіміне қарсылық білдірді, деп хабарлайды Polsat телеарнасы.