Евразия24ЖаңалықтарҚытайда қыркүйек айында өнеркәсіп өндірісі мен бөлшек сауда өсімі жеделдеп, болжамнан асып...

Қытайда қыркүйек айында өнеркәсіп өндірісі мен бөлшек сауда өсімі жеделдеп, болжамнан асып түсті

|

|

Мәскеу. 19 қазан. ИНТЕРФАКС – Қытайдың Мемлекеттік статистика басқармасының мәліметінше, қыркүйек айында елдегі өнеркәсіп өндірісінің көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,5%-ға өсті.

Осылайша, өндіріс өсімі тамыздағы 5,2%-дан жеделдеп, наурыз айынан бергі ең жоғары деңгейге жетті. Trading Economics мәліметінше, сарапшылар қыркүйекте бұл көрсеткіш орта есеппен 5,4%-ға артады деп болжаған.

Өткен айда өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 6%-ға, тау-кен өндіру саласында 1,3%-ға ұлғайды. Компьютерлер мен байланыс жабдықтарының өндірісі 16,4%-ға, мұнай мен газ өндіру 9,8%-ға, тоқыма өнімдерінің өндірісі 3,2%-ға, автомобиль өндірісі 6,7%-ға артты. Ал көмір өндіру көлемі 3,3%-ға қысқарды. Жалпы, өнеркәсіптің 41 негізгі саласының 31-інде өсім тіркелді.

Қаңтар-қыркүйек айларында Қытайдың өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,3%-ға өсті.

Қыркүйекте елдегі бөлшек сауда көлемі 1,1%-ға ұлғайды. Бұл да наурыз айынан бергі ең жоғары көрсеткіш. Сарапшылар өсім 0,5% болады деп болжаған еді. Ал тамызда бөлшек сауда көлемі 0,4%-ға артқан.

Атап айтқанда, автомобиль саудасы 21,2%-ға, алтын, күміс және зергерлік бұйымдар сатылымы 9,6%-ға, құрылыс материалдарының саудасы 9,2%-ға төмендеді.

Сонымен қатар байланыс жабдықтарының сатылымы 31,1%-ға, темекі және алкоголь өнімдерінің саудасы 13,8%-ға, азық-түлік сатылымы 6,7%-ға, косметика өнімдерінің саудасы 5,4%-ға өсті.

Қаңтар-қыркүйек аралығында Қытайдағы бөлшек сауда көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,1%-ға артып, 37 трлн юаньға (5,5 трлн доллар) жетті.

Автомобиль саудасын есепке алмағанда, қыркүйекте бөлшек сауда көлемі жылдық есеппен 3,9%-ға, ал сегіз айдың қорытындысы бойынша 2,8%-ға өсті.

Қаңтар-қыркүйек айларында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,2%-ға азайды. Сарапшылардың ортақ болжамы бойынша бұл көрсеткіш 7,3%-ға төмендеуі тиіс еді.

Өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестиция 2,1%-ға, инфрақұрылымға бағытталған қаржы 4,2%-ға қысқарды. Ал жылжымайтын мүлік саласына құйылған инвестиция көлемі 20,6%-ға құлдырады.

Қытайда жұмыссыздық деңгейі тамыздағы 5,3%-дан қыркүйекте 5,2%-ға дейін төмендеді. Сарапшылар бұл көрсеткіш тамыз айындағы деңгейде сақталады деп күткен еді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Азия қор нарықтарында бірыңғай үрдіс байқалмайды

Дүйсенбі күні Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінің қор индекстері әртүрлі бағытта өзгеріп жатыр.

Бос сөзді таратып…

«Кремльдің білім беру саласындағы идеологиялық мақсаттарының ауқымы басып алынған аумақтардағы әлеуметтік жағдайға сай келмейді. Өйткені қазір бұл жерлерде негізінен әскери қызметшілер мен зейнеткерлер тұрады».

Өз баласын өлтірген ата-ананың ісі күтпеген шешіммен аяқталды

Семейде қоқыс контейнеріне тасталып, суықтан көз жұмған нәрестенің әкесі өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Ал анасы рақымшылыққа ілігіп, сот залынан босатылды.

Мемлекеттік қолдау жүйесінде маңызды өзгеріс жасалды

ҚазТАГ агенттігінің хабарлауынша, қазақстандықтарға eGov Mobile арқылы әлеуметтік жәрдемақыдан ерікті түрде бас тарту ұсынылып отыр. «Бүгінге дейін SMS хабарламалар алған 200-ден астам азамат әлеуметтік көмекке мұқтаж емес екенін айтып, жәрдемақыдан бас тартқан.