Евразия24ЖаңалықтарМайами әуежайында екі ұшақ соқтығысты

Майами әуежайында екі ұшақ соқтығысты

|

|

Вашингтон, 15 қараша. ИНТЕРФАКС – АҚШ-тың Флорида штатындағы Майами халықаралық әуежайында Copa Airlines әуе компаниясына тиесілі Boeing 737 жолаушылар ұшағы мен UPS компаниясының Boeing 767 жүк ұшағы жерүсті қозғалысы кезінде соқтығысты. Бұл туралы АҚШ Федералдық авиация басқармасы (FAA) хабарлады.

Жолаушылар ұшағы терминалдағы қақпаға қарай бет алған кезде оның қанаты жүк ұшағының алдыңғы бөлігіне тиіп, фюзеляжында үлкен зақым пайда болған.

«Copa Airlines әуе компаниясының Boeing 737 ұшағы Майами халықаралық әуежайында жерүсті қозғалысы кезінде қанатының ұшымен UPS компаниясының Boeing 767 ұшағының тұмсығына соғылды», – делінген FAA хабарламасында.

Билік өкілдерінің мәліметінше, жүк ұшағы Колумбияға ұшуға дайындалып жатқан. Оның экипажына жолаушылар ұшағына жол беру туралы нұсқау берілген.

Copa Airlines компаниясының хабарлауынша, соқтығысқан жолаушылар ұшағының бортында 166 жолаушы мен алты экипаж мүшесі болған.

Оқиға салдарынан екі жолаушы жеңіл жарақат алған. Оларға әуежайда медициналық көмек көрсетілген.

Қазіргі уақытта жолаушылар ұшағы әуежай терминалының маңында тұр.

Ал UPS компаниясы өз ұшағымен болған оқиға туралы хабардар екенін мәлімдеді. Компания экипаж мүшелерінің қауіпсіз екенін және оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тиісті органдармен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Пашинян Арменияның болашағын Еуропалық Одақ құрамынан көреді

Армения премьер-министрі Никол Пашинян алдағы 20 жылда елінің Еуропалық Одаққа мүше болатынына сенім білдірді.

ЕО дүйсенбі күні Ресейге қарсы санкциялар аясында банктер мен теңіз тасымалына қатысы бар компанияларға шектеу енгізеді – Каллас

Еуропалық Одақтың сыртқы саясат жөніндегі жоғары өкілі Кая Каллас дүйсенбі күні Ресейге қарсы санкцияларды кеңейту аясында банктер мен теңіз тасымалымен байланысты компанияларға шектеу енгізу жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

Арақчи келесі аптада Пәкістан мен Оманға барады – Иран СІМ

Иранның сыртқы істер министрі Аббас Арақчи келесі аптаның басында Пәкістан мен Оманға ресми сапармен барады. Б

АҚШ билігі әуе қатынасындағы ақауға шетелдік мемлекеттердің қатысы жоқ екеніне көз жеткізу үшін тексеру жүргізеді – министр

АҚШ-та азаматтық авиация жұмысының бұзылуына шетелдік мемлекеттердің араласуы себеп болмағанына толық көз жеткізу үшін тиісті тексерулер жүргізіледі. Бұл туралы АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік министрі Маркуэйн Маллин мәлімдеді.