Евразия24ЖаңалықтарҚазақстанда энергия тұтыну нормаларын асырғаны үшін айыппұл енгізу ұсынылды

Қазақстанда энергия тұтыну нормаларын асырғаны үшін айыппұл енгізу ұсынылды

|

|

Астана. 25 қараша. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Құрылтайы сәрсенбі күнгі отырысында «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын бірінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобаларын таныстырған депутат Арман Қалықов құжаттардың негізгі мақсаты жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) энергия сыйымдылығын төмендету екенін атап өтті.

«2025 жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығы 2021 жылмен салыстырғанда 4 пайызға төмендеді. Алайда бұл қарқын жеткіліксіз. Қазақстан экономикасының энергия сыйымдылығы әлемдік орташа көрсеткіштен шамамен екі есе, ал Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердің көрсеткішінен 3,6 есе жоғары», – деді Қалықов.

Депутаттың айтуынша, энергия ресурстарын түпкілікті тұтыну көлемі де өсіп келеді. 2025 жылы бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 10,8 пайызға артқан.

Заң жобаларында энергия үнемдеу саласындағы мемлекеттік реттеуді бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мекемелерге, соның ішінде мектептерге, ауруханалар мен балабақшаларға кеңейту көзделген. Ол үшін энергия тұтынуды бақылау жүйесін жетілдіру және энергия сервистік қызметтерді дамыту жоспарланып отыр.

Атап айтқанда, әлеуметтік маңызы бар тағы 5 мың нысанның энергия тұтыну көрсеткіштеріне тереңдетілген талдау жүргізіліп, олардың энергия тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірленбек.

Сонымен қатар, энергия тиімділігіне қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу қарастырылған.

Бұдан бөлек, коммерциялық емес ұйымдарға энергия тұтынудың белгіленген нормаларын асырғаны, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындысы болмағаны, сондай-ақ осы бағыттағы іс-шаралар жоспарын әзірлемегені немесе бекітпегені үшін айыппұл салу ұсынылып отыр.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстанда «медициналық туризм» ұғымы заң жүзінде бекітілмек

Қазақстан Құрылтайы сәрсенбі күнгі отырысында «Денсаулық сақтау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Құрылтай БҰҰ-ның Киберқылмысқа қарсы конвенциясын ратификациялады

Қазақстан Құрылтайы сәрсенбі күнгі отырысында «Біріккен Ұлттар Ұйымының Киберқылмысқа қарсы конвенциясын, ақпараттық-коммуникациялық жүйелерді пайдалану арқылы жасалатын жекелеген қылмыстарға қарсы күресте және ауыр қылмыстарға қатысты электрондық дәлелдемелер алмасуда халықаралық ынтымақтастықты нығайту туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заңды екі оқылымда қарап, қабылдады.

Президент «Халықтық құрылыс» бағдарламасына бөлінетін қаржының жұмсалуын бақылайтын мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықтық құрылыс» бағдарламасына бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылайтын мемлекеттік комиссия құру және оның құрамын бекіту туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

«Бақ шаба ма, бап шаба ма?»: Қазақстан шаруаларды қолдау жүйесін өзгертпек

2026 жылы қазақстандық шаруалар егістікті құрғақшылықтан сақтандыруға 687,6 млн теңге жұмсап, 5,1 млрд теңге сақтандыру төлемін алды. Бұл ретте сақтандыру полистері құнының 80 пайызын мемлекет өтеген. Жуырда Астанада өткен Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің форумында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аграрлық сала өкілдерінің алдында маңызды мәлімдеме жасады. Бұл шешім алдағы уақытта мемлекет пен шаруалар арасындағы қаржылық қатынастарға елеулі өзгеріс әкелуі мүмкін. «Біздің климаттық жағдайымызда бәрі өздігінен жақсы болады деп үміттену – әуел бастан ұтылысқа апаратын әрі жол беруге болмайтын қымбат тәуекел», – деді Мемлекет басшысы. Әңгіме ауа райының қолайсыздығы мен өзге де табиғи апаттар салдарынан шаруашылықтарға келтірілген шығынды өтеу тәртібін қайта қарау туралы болып отыр. Президент Үкіметке Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, ауыл шаруашылығын сақтандыру жүйесін дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Бұл ретте шаруаларды өз тәуекелдерін ерікті түрде сақтандыруға ынталандыратын шаралар да қарастырылуы тиіс.