Евразия24ЖаңалықтарАҚШ доллары еуро мен фунтқа қатысты арзандап, иенаға шаққанда тұрақты қалып отыр

АҚШ доллары еуро мен фунтқа қатысты арзандап, иенаға шаққанда тұрақты қалып отыр

|

|

Нью-Йорк. 27 қараша. ИНТЕРФАКС – Жұма күні АҚШ доллары еуро мен фунт стерлингке қатысты арзандап, жапон иенасына шаққанда тұрақты деңгейде сақталды. АҚШ биржаларында Алғыс айту күніне байланысты демалыстан кейін сауда белсенділігі төмен болып отыр.

Доллардың алты валютаға (еуро, швейцариялық франк, жапон иенасы, канадалық доллар, фунт стерлинг және швед кронасы) қатысты өзгерісін көрсететін ICE биржасы есептейтін DXY индексі тұрақты деңгейде қалды. Ал ауқымы кеңірек WSJ Dollar Index 0,12 пайызға төмендеді.

АҚШ Федералдық резерв жүйесі (ФРЖ) ақша-кредит саясатын қатаңдатады деген болжамдардың күшеюіне байланысты DXY индексі 2025 жылғы наурыздан бергі ең жоғары деңгейіне жақын қалып отыр.

Бір күн бұрын жарияланған статистикалық деректер АҚШ-та инфляцияның да, экономикалық өсімнің де қарқыны артқанын көрсетті.

АҚШ Сауда министрлігі 2026 жылдың үшінші тоқсанындағы экономикалық өсім көрсеткішін жылдық есеппен бастапқы 3,4 пайыздан 4,3 пайызға дейін көтерді. Бұл – 2023 жылдың үшінші тоқсанынан бергі ең жоғары өсім.

Сонымен қатар, азық-түлік пен энергия ресурстарының бағасын есепке алмайтын тұтыну бағаларының базалық индексі (PCE Core) қазанда жылдық мәнде 3,3 пайызға өсті. Қыркүйекте бұл көрсеткіш 3,1 пайыз болған еді. Осылайша, инфляцияның аталған көрсеткіші 2023 жылғы қарашадан бергі ең жоғары деңгейге жетіп, сарапшылардың 3,2 пайыздық болжамынан асып түсті.

Федералдық резерв жүйесі инфляциялық тәуекелдерді бағалау кезінде PCE Core индексінің өзгерісін мұқият қадағалайды.

FedWatch деректеріне сәйкес, нарық қатысушылары ФРЖ желтоқсандағы отырысында базалық мөлшерлемені 25 базистік тармаққа көтеретініне 100 пайызға жуық сенімді. Ал қаңтар айында мөлшерлеменің тағы да көтерілу ықтималдығын 66 пайыздан жоғары бағалап отыр.

Мәскеу уақытымен сағат 09:00-дегі жағдай бойынша еуроның долларға шаққандағы бағамы 1,0981 долларды құрады. Алдыңғы сауда сессиясының жабылуында бұл көрсеткіш 1,0969 доллар болған. Фунт стерлингтің бағамы да бір күн бұрынғы 1,3107 доллардан 1,3123 долларға дейін көтерілді.

Доллардың иенаға шаққандағы бағамы алдыңғы сауда сессиясының қорытындысындағы 159,26 иенамен салыстырғанда 159,33 иенаны құрады. Ал офшорлық юаньға шаққандағы доллар бағамы бейсенбі күнгі сауда жабылған кездегі 6,6609 юаньнан 6,6561 юаньға дейін төмендеді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ЕО қорғаныс саласында АҚШ-қа тәуелділікті азайту үшін ондаған миллиард еуро бөлуді жоспарлап отыр – БАҚ

Еуропалық одақ қорғаныс саласында АҚШ-қа тәуелділікті азайтып, өз әскери әлеуетін нығайту үшін қосымша ондаған миллиард еуро бөлуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Bloomberg ақпарат көздеріне сілтеме жасап хабарлады.

Жүк транзиті – Еуразияның әлеуетін айқындайтын көрсеткіш

 «Қазақстан темір жолы» АҚ басқарма төрағасының амалсыз ауысуы Қазақстанның құрлықаралық транзиттік жобаларға қатысу мәселесіне қайта оралуға түрткі болды. Президент Тоқаев та жуырдағы Жолдауында осы мәселеге ерекше мән берген еді. Шын мәнінде, Үлкен Еуразия тұжырымдамасы аясында Қазақстанның өзге серіктестеріне ұсына алатын басты геосаяси мүмкіндігі транзит саласы болуы ықтимал. Өйткені энергия ресурстары, азық-түлік, тұтыну тауарлары мен жоғары технологиялар сияқты басқа игіліктер олардың өзінде де бар.

Жоғары аудиторлық палата еңбек нарығында 1 млрд теңгеге жуық заңбұзушылық анықтады

Қазақстанның Жоғары аудиторлық палатасы еңбек нарығын реттеу, оның ішінде еңбек көші-қоны мен халықты жұмыспен қамту саласында қабылданған шаралардың тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудитті аяқтады. Тексеру қорытындылары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен отырыста қаралды.

2026 жылға арналған экономикалық өсім болжамы төмендетілді

Сарапшылар Қазақстан экономикасының 2026 жылғы өсіміне қатысты болжамын төмендетті. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады. «2026 жылға арналған мұнай бағасының болжамы қайта қаралып, бір баррельдің орташа жылдық бағасы 93,3 долларға дейін көтерілді.