Евразия24Жаңалықтар«Бәйтерек» директорлар кеңесі 2027 жылы Қазақстан экономикасын қолдауға 8 трлн теңге бағыттауды...

«Бәйтерек» директорлар кеңесі 2027 жылы Қазақстан экономикасын қолдауға 8 трлн теңге бағыттауды мақұлдады

|

|

Астана. 27 қараша. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингінің директорлар кеңесі 2027 жылға арналған бюджетті бекітті. Құжатта Қазақстан экономикасын қолдауға 8 трлн теңге бағыттау көзделген. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

«2027 жылы «Бәйтерек» холдингі компаниялар тобы экономикаға 8 трлн теңге көлемінде қолдау көрсетуді жоспарлап отыр», – делінген жұма күні холдингтің директорлар кеңесі отырысының қорытындысы бойынша Үкімет таратқан хабарламада.

Өңдеу өнеркәсібі, инфрақұрылым және агроөнеркәсіп кешені салаларында негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемін 1,17 трлн теңгеге жеткізу көзделген. Ал тұрғын үй саласында холдингтің қатысуымен шамамен 2,7 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр.

«Жобаларды қаржыландыру үшін холдинг нарықтан қаражат тартуды жалғастырады. Болжам бойынша, 2027 жылы тартылатын қарыз қаражатының жалпы көлеміндегі мемлекеттік емес көздердің үлесі 54 пайызды құрайды. Сондай-ақ мемлекеттік қолдау құралдарын пайдалана отырып, бизнесті қаржыландыруға екінші деңгейлі банктердің қатысуы жеке бағаланады», – деп атап өтті Үкімет өкілдері.

Хабарламада бұл шешімдердің негізіне директорлар кеңесі тамыз айында мақұлдаған холдингтің 2033 жылға дейінгі жаңартылған даму жоспары алынғаны айтылған. Оның басты бағыттарының бірі – жаңа өндіріс орындарын ашатын немесе қолданыстағы кәсіпорындардың өндірістік қуатын арттыратын компаниялардың мүмкіндіктерін кеңейту. Осы мақсатта «Бәйтерек» жобаларды қаржыландыруға банктер мен жеке инвесторларды тартуды жоспарлап отыр.

Бұған дейін «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның даму институттары 2026 жылдың тоғыз айында Қазақстан экономикасына 8,7 трлн теңге көлемінде қолдау көрсеткені хабарланған болатын. Бұл жылдық жоспардың 90 пайызына тең.

«Бәйтерек» холдингі – кәсіпкерлікті қолдауға, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға және халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған даму институты. Холдингтің түпкі бенефициары – Қазақстан Үкіметі.

27 қарашадағы ресми валюта бағамы – 1 АҚШ доллары үшін 458,85 теңге.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Жұма күні Азия-Тынық мұхиты аймағындағы қор индекстері өсім көрсетті

Апта соңында Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінің қор нарықтарында акциялар бағасы көтеріліп жатыр.

АҚШ доллары еуро мен фунтқа қатысты арзандап, иенаға шаққанда тұрақты қалып отыр

Жұма күні АҚШ доллары еуро мен фунт стерлингке қатысты арзандап, жапон иенасына шаққанда тұрақты деңгейде сақталды. АҚШ биржаларында Алғыс айту күніне байланысты демалыстан кейін сауда белсенділігі төмен болып отыр.

ЕО қорғаныс саласында АҚШ-қа тәуелділікті азайту үшін ондаған миллиард еуро бөлуді жоспарлап отыр – БАҚ

Еуропалық одақ қорғаныс саласында АҚШ-қа тәуелділікті азайтып, өз әскери әлеуетін нығайту үшін қосымша ондаған миллиард еуро бөлуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Bloomberg ақпарат көздеріне сілтеме жасап хабарлады.

Жүк транзиті – Еуразияның әлеуетін айқындайтын көрсеткіш

 «Қазақстан темір жолы» АҚ басқарма төрағасының амалсыз ауысуы Қазақстанның құрлықаралық транзиттік жобаларға қатысу мәселесіне қайта оралуға түрткі болды. Президент Тоқаев та жуырдағы Жолдауында осы мәселеге ерекше мән берген еді. Шын мәнінде, Үлкен Еуразия тұжырымдамасы аясында Қазақстанның өзге серіктестеріне ұсына алатын басты геосаяси мүмкіндігі транзит саласы болуы ықтимал. Өйткені энергия ресурстары, азық-түлік, тұтыну тауарлары мен жоғары технологиялар сияқты басқа игіліктер олардың өзінде де бар.