Евразия24Арғы беттеҰлттық банк кімге қызмет етеді?

Ұлттық банк кімге қызмет етеді?

|

|

 

Қазақстан Ұлттық банкі қоғамға емес, қаржылық капиталға қызмет етеді, деп санайды PhD Қуат Акижанов.

Акижановтың айтуынша, Ұлттық банк жоғары базалық мөлшерлемеге сүйенген қатаң ақша-несие саясатын ұстана отырып, президент Тоқаевтың ЖІӨ-ні екі еселеу жөніндегі стратегиялық тапсырмасына институционалды тұрғыда кедергі келтіріп отыр. Ақшаның құны шектен тыс жоғары болып тұрған жағдайда нақты секторды несиелеу тұншықтырылып, бизнес үшін қаржыға қол жеткізу қиындайды. Мұндай жағдайда экономикалық өсімді жеделдету туралы мәлімдемелер нақты құралдарсыз бос ұранға айналады.

Формалды түрде мемлекеттік стратегияға қолдау білдіргендей көрінетін Ұлттық банк іс жүзінде индустрияландыруға, инвестициялық белсенділікке және экономиканы әртараптандыруға тосқауыл болатын саясат жүргізіп отыр. Бұл – ұлттық мақсаттар мен макроэкономикалық басқару арасындағы жасырын әрі жүйелі қайшылық.

Eurasia24 өз ұстанымын білдіреді:

Ашық айтайық, автордың, жалпы алғанда Spik.kz аналитикалық орталығының бұл мәселеге қатысты көзқарасы Eurasia24-тің ұстанымымен толық сәйкес келеді. Бұл тек Ұлттық банктің саясатына ғана емес, монетарлық саясатқа да қатысты.

Біз де осыған дейін «Жаңа Қазақстан үшін жаңа экономика» атты мақаламызда дәл осыны айтқанбыз: «Инфляцияны бақылау несие беруден маңызды» деген тезис – жалған.

Философия докторы Қуат Акижановтың мына түйінімен де толық келісеміз: «Бізге неолибералды догмаларды күмәнмен қарайтын, технократтардың сөзін жай ғана қайталамай, ыңғайсыз сұрақтар қоюға батылы жететін медиа керек».

Иә, ондай медиа қажет. Ең болмағанда қоғам болып мынадай қарапайым себеп-салдарды түсіну үшін: инфляциямен күрес деген ұранмен жүргізіліп жатқан саясат керісінше инфляцияны үдетіп жатса, онда мұндағы «себеп» қайсы, «салдар» қайсы? Әлде Ұлттық банк өз іс-әрекетінің салдарын шынымен түсінбей ме? Түсінеді, бірақ қолынан ештеңе келмей ме? Өйткені ол басқа біреуге қызмет ете ме?

Келісіңіз, ауруды емдеу үшін алдымен нақты диагноз қою керек.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.