Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Тәжікстанмен одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялады

Қазақстан Тәжікстанмен одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялады

|

|

Астана. 5 мамыр. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялау туралы» Заңға қол қойды, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің қорытындысында атап өтілгендей, Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы одақтастық қатынастар туралы шартқа 2024 жылғы 22 тамызда Душанбе қаласында қол қойылған және ол қазақ-тәжік ынтымақтастығын кешенді дамытуға қосымша серпін беруге бағытталған.

Құжат саяси, әскери, сауда-экономикалық, ауыл шаруашылығы, көлік-транзит, азық-түлік, өнеркәсіп, су-энергетика, экология, цифрлық, білім беру, мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты және өңіраралық интеграцияны кеңейтуді көздейді. Шарт нормаларына сәйкес, тараптар өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Орталық Азиядағы сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзара іс-қимылды, сондай-ақ әскери және әскери-техникалық салалардағы байланыстарды, соның ішінде жедел және жауынгерлік дайындық бойынша бірлескен іс-шаралар өткізу, кадрлар мен мамандардың әлеуетін арттыру мәселелерінде нығайта түседі. Кәсіпкерлік және өзге де экономикалық қызмет үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған сауда-экономикалық өзара іс-қимылға ерекше назар аударылады.

Құжаттағы маңызды аспектілердің бірі – өңірдегі барлық елдердің мүдделерін ескере отырып, Орталық Азиядағы мемлекетаралық қайнар көздердің су ресурстарын ұтымды әрі өзара тиімді пайдалану және қорғау үшін ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Сонымен қатар құжат парламентаралық достық топтарының қызметі аясында Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы парламентаралық байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстандықтарға әкімшілік амнистия аясында бірнеше миллиард теңгенің айыппұлы кешірілуі мүмкін

Қазақстанда алдағы әкімшілік амнистия аясында азаматтардың бірнеше миллиард теңге көлеміндегі айыппұлдары есептен шығарылуы мүмкін. Бұл туралы Снежана Имашева мәлімдеді.

Қазақстанда 2025 жылы салық дауларына байланысты 900 млрд теңгеге жуық ҚҚС қайтару тоқтатылды

Қазақстанда 2025 жылы салық дауларының көбеюі аясында шамамен 900 млрд теңге көлеміндегі қосылған құн салығын (ҚҚС) қайтару тоқтатылған.

Тоқаев Павлодар облысының әкіміне жаңа әуежай ашу мәселесін пысықтауды тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұз қаласымен әуе қатынасын дамыту қажет екенін айтып, Асаин Байхановқа жаңа әуежай ашу мәселесін пысықтауды тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан 2025 жылы мұнай бағасының төмендеуіне байланысты бюджетке 336 млрд теңге көлемінде кіріс түсіре алмады

2025 жылы Қазақстанның республикалық бюджетінің кіріс жоспары 98,6 пайызға орындалды. Алайда салық түсімдері жоспары 336 млрд теңгеге орындалмай қалды. Бұған, соның ішінде, негізгі экспорттық тауарлар бағасының төмендеуі әсер еткен. Бұл туралы Даурен Темірбеков мәлімдеді.