Евразия24ЖаңалықтарҰлыбритания мен Франция Storm Shadow зымырандарының қорын ұлғайтады

Ұлыбритания мен Франция Storm Shadow зымырандарының қорын ұлғайтады

|

|

Лондон. 10 шілде. ИНТЕРФАКСҰлыбритания премьер-министрі Кир Стармер мен Франция президенті Эммануэль Макрон бейсенбі күні қол қоятын жаңартылған келісім аясында екі ел Storm Shadow алыс қашықтыққаарналған қанатты зымырандарының қорын ұлғайтады. Бұл туралы Ұлыбритания үкімет басшысының кеңсесі хабарлады.

«Жаңа келісім Ұлыбритания мен Францияны алыс қашықтыққа және кемеге қарсы бағытталған зымырандар бойынша бірлескен жобаның келесі кезеңін бастауға міндеттейді. Бұл Storm Shadow зымыранын алмастыратын түпкі жоба нұсқасын айқындауға жақындатады», – делінген ресми хабарламада.

Storm Shadow зымырандарының қосымша тапсырысы арсеналды толықтырумен қатар, жоғары білікті мамандардың жұмыс орындарын сақтап қалуға және жаңаларын ашуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге өндірістік желілер жаңғыртылады.

Келісімге сәйкес, сонымен қатар, Ұлыбритания Корольдік Әскери-әуе күштерінің жойғыш ұшақтары үшін көру шегінен тыс әрекет ететін жаңабуын «әуе-әуе» класты зымырандарды бірлесіп әзірлеу көзделген.

Бұған дейін BMFTV телеарнасы Елисей сарайына сілтеме жасай отырып, Макрон мен Стармер бейсенбі күні ядролық тежеу күштерінің үйлестірілген әрекетіне қатысты бірлескен декларацияға қол қоятынын хабарлаған болатын.

Телеарна мәліметінше, құжат Еуропа елдерін «төтенше қатер» жағдайында бірлесіп қорғау шараларына бағытталған. Алайда Париж бен Лондон қандай нақты қадамдарға баратыны нақтыланбаған.

Сондай-ақ, декларацияда Франция мен Ұлыбританияның ядролық тежеу күштері «тәуелсіз күйінде қалатыны», бірақ олардың әрекеттері үйлестірілуі мүмкін екені атап көрсетілген.

Айта кетейік, қазіргі уақытта президент Эммануэль Макрон ресми сапармен Ұлыбританияда жүр.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Ұлттық қор ел игілігіне қызмет етуі тиіс

Еуразия24 Құрылтай сайлауынан кейін айтылған ең маңызды мәлімдемелердің біріне назар аудармай өте алмайды. Әзірге бұл бастама жүзеге асқан жоқ, алайда оның алдағы уақытта қолға алынуы мүмкін екені жария етілді. Оның үстіне бұл туралы Мемлекет басшысының өзі айтты. Сондықтан мәселенің нақты шешімге ұласуы әбден мүмкін.

Тоқаев Құрылтай сайлауы жоғары деңгейде өткенін айтты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел тарихында алғаш рет өткен Құрылтай – бір палаталы парламент депутаттарын сайлау жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын мәлімдеді.

Құрылтайдағы орындардың басым бөлігі «Әділетке» бұйыруы мүмкін

Жексенбі күні өткен сайлау қорытындысы бойынша Қазақстандағы ең ірі «Әділет» партиясы Құрылтайдағы 145 орынның 111-іне ие болуы мүмкін. Бұл – Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы жариялаған алдын ала мәліметтер негізінде «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі жасаған есеп.

Сингапур бала санын арттыру үшін отбасыларға 55 мың доллардан астам қаржылай қолдау көрсетпек

Сингапур билігі бала туу көрсеткішін арттыруға бағытталған жаңа шаралар ұсынды. Бағдарлама аясында әр балаға 55 мың доллардан астам қаржылай қолдау қарастырылған.