Евразия24Күнбе күнАлакөлге қатысты тағы сын: Президенттің шыдамы таусылды ма?

Алакөлге қатысты тағы сын: Президенттің шыдамы таусылды ма?

|

|

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтар тарапынан түскен шағымдарға байланысты Үкіметтің назарын Алакөл көлінің маңындағы туристік инфрақұрылымның төмен деңгейіне аударды. Бұл туралы Ақорда ресми хабарлады.

Атап айтқанда, өңірде тиісті туристік инфрақұрылымның жоқтығы, қызмет көрсету сапасының төмендігі мен қауіпсіздік шараларының жеткіліксіздігі сынға ілікті.

Мемлекет басшысы Үкіметке еліміздегі барлық туристік нысандардың жағдайын жедел түрде ретке келтіруді тапсырды. Сонымен қатар жауапты тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріп, кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту қажеттігін қадап айтты.

Евразия24 пікірі:

Бұл бұрыннан келе жатқан мәселе. Мемлекет басшысының Алакөл жағалауындағы инфрақұрылым мен қызмет көрсету сапасына қатысты сыны – алғаш рет көтеріліп отырған мәселе емес. Бұған дейін де Президент Үкіметке осы өңірдегі туристік жағдайды ретке келтіруді бірнеше мәрте тапсырған болатын.

«Қазіргі жағдайда туризм индустриясы – экономикалық өсімнің маңызды драйвері әрі жаңа жұмыс орындарын құрудың көзі. Мемлекеттік туризмді дамыту бағдарламасы аясында анықталған 10 басым туристік орталықтың бірі ретінде Алакөл жағалауы жыл сайын 2 миллионнан астам турист тартуға қауқарлы. Өткен жылы көптеген қазақстандық демалыс орны ретінде Алакөлді таңдады, алайда сервистік қызметтердің төмендігі мен жол инфрақұрылымының нашарлығы жиі сынға алынды. Жергілікті тұрғындар мен қонақтар жолдардың сын көтермейтін жай-күйіне наразылық білдірді. Осыған орай, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының әкімдеріне авто жолдарды жөндеу және сервистік қызмет сапасын жақсарту жұмыстарын жеделдету тапсырылды», – делінген атқарушы билікке бағытталған бұған дейінгі ескертуде. 2019 жылғы 26 сәуірдегі ШҚО-дағы халықпен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтқан сөзіне алты жыл өтті, алайда жергілікті атқарушы органдар мен салалық министрлік тарапынан нақты іс-шаралар қолға алынбаған.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

АҚШ қор нарығына геосаяси ахуал әсер етті

Дүйсенбі күнгі саудада АҚШ қор нарығы индекстерінің қозғалысы әркелкі.

Крикет жұлдыздары түрмедегі Имран Ханға тиісті медициналық көмек көрсетуді талап етті

Крикет командаларының бұрынғы капитандары Алистер Кук, Капил Дев, Адам Гилхрист және бірқатар танымал спортшы қамауда отырған Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі әрі экс-крикетші Имран Ханға тиісті медициналық көмек көрсетуді талап етті. Олар Пәкістан билігін оның денсаулығын толық әрі тәуелсіз тексеруге шақырды, деп хабарлайды Sky News.

Қытай әуедегі нысандарды алыстан жоюға арналған гипердыбыстық қару әзірледі

Қытай әуе нысандарына қарсы зымырандарды алып жүріп, оларды алыс қашықтықтан ұшыруға мүмкіндік беретін гипердыбыстық маневрлі жауынгерлік блок технологиясын әзірледі. Бұл туралы дереккөздерге сілтеме жасаған Bloomberg хабарлады.

Тоқаев Құрылтай сайлауына байланысты құттықтау жолдаған шетелдік әріптестеріне алғыс айтты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бір палаталы Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауының өтуіне байланысты құттықтау жолдаған Ресей, Қырғызстан, Әзербайжан, Өзбекстан және Тәжікстан басшыларына алғыс білдірді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.