Евразия24Басты бетАлтын – мемлекет меншігі ме, әлде қылмыстық табыс көзі ме?

Алтын – мемлекет меншігі ме, әлде қылмыстық табыс көзі ме?

|

|

Қазақстанда заңсыз алтын өндірумен күрес мәселесі жөнінде соңғы ретнақты әрі жүйелі пікірталас бір жылдан астам уақыт бұрын көтерілген еді. 2024 жылдың наурыз айында сенатор Андрей Лукин Премьер-Министр Олжас Бектеновтің атына жолдаған депутаттық сауалында елімізде жылсайын шамамен 25 тонна алтын заңсыз өндірілетінін, ал бұл әрекеттердің мемлекетке келтіретін шығыны 1,5 миллиард теңгеге жуық екенін атап өткен.

Сенатор келтірген дерекке сәйкес, заңды түрде өндірілген әрбір үш тонна алтынға бір тоннасы заңсыз жолмен өндіріледі. 2020–2023 жылдар аралығында ішкі істер органдары бағалы металдарды заңсыз өндіру, айналымға шығару және ұрлау фактілері бойынша 133 қылмыстық істіркеген.

Андрей Лукин бұл саладағы заңсыздықпен тиімді күресу үшін алтын өндіретін нысандарда бақылауды күшейтуді, сондай-ақ жеке старательлердіңқызметін заңдастыруды оңтайландырып, оларға лицензия алу және тиістіқұжаттарды рәсімдеу тәртібін жеңілдетуді ұсынған. Оның пікірінше, мұндайқадам мемлекет үшін экономикалық тұрғыдан тиімді болмақ, себебіаффинаждан өткен алтын ресми түрде тапсырылып, бюджеттің шығынғаұшырауына жол берілмейді.

Премьер-Министр Олжас Бектенов сенатор Андрей Лукиннің депутаттықсауалына берген жауабында: 2018 жылдан бастап заңсыз алтын өндіру мен айналымды қысқарту мақсатында старательдік институты енгізілгенін, сондай-ақ пайдалы қазбаларды барлауға рұқсат беру тәртібі жеңілдетілгенінатап өтті. Осы кезеңде жергілікті атқарушы органдар 108 старательгелицензия берген.

Алайда ұсынылған есептерге сүйенсек, берілген рұқсаттарға қарамастан, бағалы металдарды өндіру көрсеткіштері нөлдік деңгейде қалып отыр.

«Старательдікті заңдастыру оң нәтиже бермеді, өйткені бұзушылықтар үшіннақты жауапкершілік болмағандықтан, бағалы металдарды көлеңкелі жолменөндіру жалғасуда», – делінген Үкімет басшысының ресми жауабында.

Осыған байланысты, заңсыз пайдалы қазба өндірумен күресті күшейтумақсатында Қаржы мониторингі агенттігі Қылмыстық кодекске өзгерістеренгізуді көздейтін заң жобасын әзірлеген. Жаңа нормаға сәйкес, айыппұлмөлшері 10 000 айлық есептік көрсеткішке дейін артады, ал қосымшамүлікті тәркілеу, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру, сондай-ақ 15 жылға дейін белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым салу жазасықарастырылады.

Айта кету керек, алтынның заңсыз айналымы — тек Қазақстанға ғанатән құбылыс емес. Ашық дереккөздерге сүйенсек, әлемде өндірілетіналтынның шамамен 10 пайызы мемлекеттік реттеуден тыс жерқойнауынан заңсыз жолмен өндіріліп, өңделеді. Бұл әрекет көптегенелдерде қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

2021 жылға дейін Қазақстанда бағалы металдарды заңсыз өндіруге қатыстыжазалау шаралары негізінен жер қойнауын заңсыз пайдаланғаны үшінҚылмыстық кодекстің 334-бабы бойынша қарастырылып, 3 жылдан 7 жылғадейін бас бостандығынан айыру немесе айыппұл салу түріндеқолданылатын. Алайда «қара старательдер» белсенділігінің артуынабайланысты сол жылы Қылмыстық кодекске қосымша 295-1-бап енгізілді. Олбағалы металдар мен тастарды, сондай-ақ құрамында бағалы металдарбар шикізатты заңсыз айналымға түсіруді қамтиды және ұқсас жазашараларын қарастырады.

Сенатор Андрей Лукин өз депутаттық сауалында көрсеткен мемлекеткекелтірілген залал көлемі 2024 жылғы ресми құқықтық статистикаменсәйкес келеді. Бас прокуратураның деректеріне сәйкес, 2024 жылы 295-1-бап бойынша 42 қылмыстық іс тергеліп, мемлекетке келтірілген шығын 1 миллиард теңгеден асқан. Ал 2025 жылдың мамыр айына дейін бұл бапбойынша тағы 33 іс тіркелген, бұл көрсеткіштің өсуі жалғасуда. Айта кету керек, «қара старательдерге» қатысты істер басқа да баптар бойыншақозғалуы мүмкінмысалы, ірі көлемдегі ұрлық фактілері бойынша.

ІІМ қылмыстық хроникасына сүйенсек, заңсыз алтын өндіріп жүргендеркездейсоқ азаматтар емес. Көп жағдайда олар заңды алтын өндірушікәсіпорындардың қызметкерлері, жасырын қылмыстық топтардыңмүшелері болып келеді. Бұл топтар аффинаждан өтпеген (өңделмеген) алтынды көлеңкелі нарыққа шығарып, шикізатты қолдан жасалғанқұжаттармен елден тысқары шығарады.

Құқық қорғау органдары анықтаған мәліметтерге сүйенсек, заңсызөндірілген алтын кейде жасырын цехтарда өңделіп, контрабандалықжолмен Қытайға, Қырғызстанға, Өзбекстанға және Түркияғатасымалданған. Осы бағыттар бойынша бірнеше жүк партиясы тәркіленген.

Жақында Жамбыл облысындағы «Ақбақай» алтын кен орнында полицияжергілікті тұрғындар, алтын өндіруші комбинаттың қызметкерлері жәнекүзет құрылымының өкілдерінен құралған қылмыстық топты ұстады.

«Заңсыз алтын өндіруден бастап оны өңдеп, алтын құрамды шикізаттышығару жолына дейінгі бүкіл қылмыстық тізбек ашылды. Қылмыстықәрекеттер салдарынан кәсіпорынға келтірілген шығын 400 млн теңгеденасты. Ұйымдастырушы мен оның сыбайластары еліміздің төрт өңірінде бірмезгілде қолға түсті. Барлығы 50-ден астам адам ұсталды. 6 келіге жуықалтын тәркіленіп, 8 жасырын кен өңдеу цехы жабылды. Қылмыстық ісбірнеше бап бойынша, соның ішінде қылмыстық топ құру, оған басшылықету және қатысу деректерімен тергеліп жатыр»,деп хабарлады Polisia.kz.

Алтын өндіруөзіндік ерекшелігі бар сала, сондықтан мемлекет бұлбағыттағы заңсыздықпен күресті тек қатаң бақылау арқылы емес, өндірістегіжұмыс орындарын көбейту арқылы да тиімді жүргізе алады.

Қазақстан Республикасының Индустрия және құрылыс министрлігініңмәліметінше, алдағы үш жылда 780 млрд теңгеге 13 жоба іске асырылмақ.

**«QazIndustry» жобаларды іске асыруды мониторингтеу және талдаудирекциясының дерегіне сәйкес, жаңа өндіріс орындары шамамен 3400 жаңажұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. 2025–2028 жылдар аралығында іскеқосылатын кәсіпорындар 20,6 млн тонна кен өңдеп, 21 тонна Доре қорытпасын алуды көздеп отыр. Мұндай қарқын Қазақстанның бағалыметалдар нарығындағы орнын нығайтып, салаға тартылатын инвестиция көлемін арттыруға жол ашады. Елдегі бай минералдық-шикізат базасы, соның ішінде ірі алтын кен орындарының бар болуы бұл бағыттағыжобалардың тартымдылығын арттырады», – делінген министрліктің мамырайындағы хабарламасында.

Әлем бойынша алтын қоры жөнінен ТОП-15 елдің қатарына кіретінҚазақстан үшін жыл сайынғы 1–2 миллиард теңге көлеміндегіэкономикалық шығынайтарлықтай ауыр салмақ. Бұл орайда лицензиясыбар кәсіпорындарды өз кен орындарын заңсыз старательдерден қорғауғаынталандырукүн тәртібіндегі маңызды мәселе.

Мұндағы мәселе тек бюджет пен алтын өндіруші компаниялардыңшығынға батуы ғана емес (олар нақты зардап шегіп отыр) — «қарастарательдердің» қолданатын әдістері қоршаған ортаға едәуір қауіптөндіреді. Атап айтқанда, олар алтынды ажырату үшін сынап қолданады, ал сынаптың табиғи ортаға таралуы жер мен суды улап, ұзақмерзімдіэкологиялық зардаптарға алып келеді.

Бір жыл бұрын сенатор Андрей Лукиннің депутаттық сауалына бергенжауабында Премьер-Министр Олжас Бектенов бұл мәселеге арнайытоқталған болатын. Ол заңсыз алтын өндірушілердің әрекетінен кейін жерқойнауы қалпына келтірілмейтінін, жою жұмыстары жүргізілмейтінін, ал мұның салдары болашақта экологиялық апаттарға, адам мен жануарларқауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретінін атап өткен.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Поделиться:

Читать далее:
Related

ЯФ – Қазақстанның атом болашағының негізі

Биыл, елімізде алғашқы атом электр стансасын салу бойынша бас мердігертаңдалатыны ғана емес, сонымен қатар 2025 жылға арналған әл-Фарабиатындағы Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығының иегері кім болатыны да жария етіледі.

Финляндия Ресей мен Беларуське қарсы жаңа мүліктік шектеу енгізді

Минск. 16 шілде. ИНТЕРФАКС — Финляндияда Ресей мен Беларусь...

Ауғанстан бойынша арнайы өкіл: Тоқаев нақты тапсырмалар берді

Астана. 16 шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Patriot жүйелері Украинаға жеткізілуде

Вашингтон. 16 шілде. ИНТЕРФАКС — АҚШ президенті Дональд Трамп...