Шілденің мынадай ыстығында жылу маусымы мен электр тапшылығы жайлы ойлау ерте сияқты көрінуі мүмкін. Алайда Балқаш атом электр станциясының құрылысы басталғанға дейін кемінде екі қыс өтетінін ескерсек, дәл қазір – еліміздің болашағына тікелей ықпал ететін энергетикалық мәселелерді байыппен талқылайтын сәт.
Кеңестік кезеңнен бері қалыптасқан Қазақстанның энергожүйесі бүгінге дейін сақталып отыр. Оның солтүстік бөлігі – Ресеймен тікелей байланысты. Ал оңтүстік аймақ – Қырғызстан, Өзбекстан және олардың байланыстары арқылы Тәжікстанмен ортақ энергетикалық жүйеге енген. Түрікменстанмен тармақталған, бірақ жүйеден оқшау байланыс та бар. Осы құрылым – техникалық, инфрақұрылымдық деңгейде – біртұтас аймақтық энергокешеннің көрінісі.
Солтүстіктен оңтүстікке қарай қозғала отырып, біз мына жағдайға тап боламыз: еліміздің солтүстік энергия аймағы, әсіресе Экибастұздыңарқасында, әлі де артық өндіріс мүмкіндігіне ие. Ресейден қосымша қуаттарту да техникалық тұрғыдан мүмкін. Бірақ Ресейдің өзі де ескіинфрақұрылымның тозғанын сезініп отыр – кейбір өңірлерде тапшылықбелгілері байқалуда. Дегенмен Қазақстанмен шекаралас Оңтүстік Орал, Батыс Сібір мен Алтай бағыттары әзірге резервке ие.
Қазақстанның қазіргі энергобалансына келсек: орнатылған жалпы қуатшамамен 22 ГВт болса да, шарықтау сәттерінде, яғни кешкі уақытта, нақтыберілетін қуат 15–15,5 ГВт-тан аспайды. Бұған себеп – көмір станцияларының тозуы және жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) аккумуляторсыз, диспетчерлік басқарусыз енгізу. Өткен қыста жүктеменің еңжоғары деңгейі 16,5–17 ГВт-қа дейін жетіп, ел кеш сайын Ресейдің Біртұтас энергетикалық жүйесінен 1000–1500 МВт көлемінде энергия импорттауға мәжбүр болды.
Алайда бұл тапшылық Қазақстанның оңтүстігінде қатты сезіледі. Аймақтың жүктемесі 4000 МВт-тан асса, жергілікті генерация 2000 МВт деңгейінде ғана. Экибастұздың артық қуаты мен Ресейден тартылған энергия осы өңірге бағытталады. Бірақ басты кедергі – инфрақұрылымдық шектеулер. Солтүстіктен оңтүстікке баратын үш ЛЭП-500 (500 кВ әуе желісі) бірлесіп2000 МВт-тан сәл ғана асатын қуат өткізе алады.
Нақ осы жерде Балқаш және Курчатов АЭС-терінің маңыздылығы артады. Екі желінің Балқаш маңынан, ал үшіншісінің Курчатов қаласы арқылы өтуі бұл екі нүктені стратегиялық энергия хабтарына айналдырады. Бұл станциялар елдің солтүстігі мен оңтүстігін біртұтас энергетикалық кеңістікке біріктіріп қана қоймай, энергия ағынын теңгерімді әрі екіжақты етуге мүмкіндік береді.
Бұдан да ауқымдысы – бұл жобалар Қазақстанның ішкі энергетикалық тұрақтылығын қамтамасыз етумен қатар, Ресей – Қазақстан – Орталық Азия энергетикалық сақинасының негізгі тірегіне айналуы мүмкін. Мұндай инфрақұрылымдық шешім тек техникалық қана емес, геоэкономикалық маңызы бар фактор ретінде қаралуы тиіс. Энергетикалық тәуелсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің өзегіне айналып отырған қазіргі кезеңде Балқаш пен Курчатовтағы АЭС – болашақтың сенімді энергиясы ғана емес, аймақтық тұрақтылықтың да негізі бола алады.
Энергетикалық жүйемен тығыз байланыста өмір сүріп жатқанымызбен, көрші мемлекеттердің – Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанның – энергия саласындағы нақты ахуалы туралы бізге көбіне үзінді ақпарат қанажетіп жатады.
Қазақстан бойынша жалпы жағдай түсінікті: жылдық электр энергиясын өндіру көлемі шамамен 120 млрд кВт/сағатқа жетеді. Ресми есеп бойыншатапшылық 2,5 млрд кВт/сағат немесе 2%-ға жуық. Алайда кешкі шарықтаусәттерінде бұл көрсеткіш 10%-ға дейін жетіп, кейде 16%-дан асады.
Қырғызстанда орнатылған қуат шамамен 3900 МВт, оның 3000 МВт-ы су электр станцияларына, ал қалғаны Бішкек пен Оштағы жылу электрстанцияларына тиесілі. Елдегі жылдық өндіріс көлемі 15,2 млрд кВт/сағаттықұрайды, дегенмен нақты тапшылық 4 млрд кВт/сағаттан асып, 25%-дан жоғары болып отыр. Осыған байланысты 2023 жылғы 1 тамыздан бастапҚырғызстанда энергетика саласында төтенше жағдай режимі енгізіліп, ол2026 жылдың соңына дейін жалғасады.
Айта кету керек, Қазақстан өз тапшылығын Ресейден электр энергиясынимпорттау арқылы өтеп отыр. Ал Қырғызстан мен Өзбекстан секілді елдерқажеттілікті тек Қазақстанның оңтүстік аймағы арқылы жаба алады. Алайдабұл өңірдің өзі де айтарлықтай тапшылыққа ұшыраған. Өткен қыста еліміздіңоңтүстігінде кейбір тұтынушылар үшін энергия тұтыну көлеміне шектеу қойылған болатын. Мұндай жағдайда бірінші кезекте көрші елдер зардап шегетіні анық. Сондықтан бұл елдердегі тапшылық – бұл тек есептіккөрсеткіш емес, нақты электр жетіспеушілігі.
Қырғызстанда қазіргі таңда кеңестік кезеңнен қалған ірі жобалар аяқталмаған күйінде тұр. Солардың бірі – Камбаратин ГЭС каскады. 2023 жылы Қазақстан мен Өзбекстанның қатысуымен қуаты 1800 МВт-тан асатын Камбаратин ГЭС-1 нысанын салу туралы келісім жасалды. Жоба өңір үшін маңызды саналып отыр, өйткені ол маусымдық реттеуді қамтамасыз етіп, шарықтау сәтіндегі тапшылықты азайтуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Қырғызстан мен «Росатом» арасында модульдік атом электрстанциясын салуға қатысты жол картасы бекітілді. Жоба болашақта электрмен қатар жылумен қамтамасыз ету саласына да ықпал етуі мүмкін.
Өзбекстанда орнатылған қуат көлемі 16 ГВт шамасында. Оның 88%-ын газ және көмірге негізделген жылу электр станциялары, 12%-ын су электрстанциялары құрайды. Жылдық өндіріс – 72 млрд кВт/сағат. Дегенмен, 2–3 млрд кВт/сағат көлемінде өтелмеген сұраныс сақталып отыр – бұл 4%-ғажуық. Халық саны Қазақстаннан екі есе көп болғанымен, электр өндірісі төмен. Оның үстіне, негізгі отын көзі – табиғи газ өндіру көлемі де қысқару үстінде.
Осы себептерге байланысты Өзбекстан билігі энергия көздерін әр тараптандыруға белсенді кірісіп, жаңартылатын және атом энергетикасына бет бұрып отыр. Президент Шавкат Мирзиёевтің мәлімдеуінше, 2025 жылғадейін қуаты 3400 МВт болатын 18 күн және жел электр станциясы іске қосылады. Сондай-ақ 1800 МВт-тық энергия сақтау жүйесі енгізіледі. Бұл«жасыл» энергия өндіру көлемін жылына 12 млрд кВт/сағатқа дейін жеткізуге мүмкіндік береді. 2025 жылы жалпы өндіріс 84 млрд кВт/сағатқа жетпек. Президенттің айтуынша, 2030 жылға қарай жаңартылатын энергия үлесі 54%-ға дейін ұлғайып, қосымша 19 ГВт қуат іске қосылады.
Ақырында, Тәжікстанға тоқталсақ: елдегі су электр станцияларының жалпы қуаты шамамен 5 ГВт, ал жылу электр станциялары – 700 МВт. Яғни, жалпы қуат шамамен 5,7 ГВт шамасында, бұл Қырғызстанмен салыстырғанда аздап жоғары. Жылдық өндіріс көлемі – 16 млрд кВт/сағат. Ресми тапшылық – 1 млрд кВт/сағатқа жуық. Алайда нақты тапшылық әлдеқайда жоғары: электрэнергиясын үнемі сөндіру – тұрғындар үшін үйреншікті жағдай.
Тәжікстан үшін стратегиялық маңызы зор нысан – әлемдегі ең биік су бөгетімен ерекшеленетін Роғун су электр станциясы. Қазіргі таңда бұлжоба елдің өз қаржысы мен ресурсы есебінен жүзеге асырылып жатыр. Гидроагрегаттар кезең-кезеңімен іске қосылып, бір мезгілде алып су қоймасына су жиналып келеді. Алдын ала есеп бойынша, 2030 жылданкейін станция толық қуатымен жұмыс істеуі тиіс.
Аймақтағы барлық елдерде электр энергиясы тапшылығы байқалады. Бұл мәселені шешу үшін су, баламалы және атом энергетикасы бағытында кешенді шаралар қолға алынуда. Шын мәнінде, бұл – барлығы ұта алатын энергетикалық бәсекеге айналып келеді.